Аутогемотрансфузия — науқастың өз қанынан алдын - ала дайындап консервіленген аутоқанды немесе аутоқан бөлшектерін құю .
Реинфузия — серозды қуыстарға,мысалы:кеуде,құрсақ секілді қуыстарға аққан қанды операция кезінде өзіне қайтадан құюды айтамыз.
Енді осындағы қанды алмастырып құюға тоқталсақ.Жалпы қанды алмастырып құю деп-реципиенттің қан ағу жүйесінен қанды түгелдей немесе жартылай мөлшерде алып тастап,орнына басқа қанды құйып толтыруды айтамыз. Алмастыру трансфузиясын төмендегідей ауруларда қолданады: жаңа туған нәрестелердегі гемолитикалық ауру,
гемотрансфузиялық шок,
бүйректің жедел жетіспеушілігі.
Алмастырып құйғанда айта кететін бір ерекшелік алынған қанмен бірге,бұзылған эритроциттер де кетеді.Осы тұста бұл әдісте қандай қандар қолданылады деген сұрақ туындайды. Яғни алмастырып құйғанда жаңа консервіленген немесе сақтау мерзімі аз консервіленген қанды пайдаланады.Қанды жоғарыда айтып кеткенімдей кез-келген тамырға құяды.Және эксфузия ұзақ жасалатын шара болғандықтан,қанның ұйып қалмауы үшін,ірі тамырлардан немесе артериядан алады.Қанды алу мен донор қанын құюды бір мезгілде жасайды,оның орташа жылдамдығы 15-20 минутта 1000 мл болады.Ал қанды толық алмастыру үшін,10-15 л донорлық қан қажет болады.