Аутогемотрансфузия деп-науқасқа операцияның алдында немесе операция кезінде алынған өзінің қанын қайтадан құюды айтамыз.Оның негізгі мақсаты:операция кезінде жоғалған қанды науқастың өзінің қанымен толтыру. Аутогемотранфузия донорлық қанды құйғанда мүмкін болатын асқынулардың алдын алады. Мысалы: реципиенттің иммунизациясы, гомологиялық қан синдромының дамуы. Аутогемотрансфузияның көрсеткіштері:науқаста сирек кездесетін қан тобының болуы ,донорды табу қиындықтары,пострансфузиялық асқынулардың даму қаупі,көп мөлшерде кан жоғалтатын операциялар Сонымен қатар оның қарсы көрсеткіштеі болады:кахексия кезеңіндегі бауыр мен бүйректің өте ауыр сырқаттары,қатерлі ісіктің соңғы сатыларын атап өтсек болады. Аутогемотрансфузия екі тәсілмен жүзеге асырылады:
өзінің алдын ала дайындалған қанын трансфузиялау;
қанның реинфузиясы.
Аутотрансфузияға пайдаланатын қанды операцияға дейін 4-6 күн бұрын алу керек,неге десеңіз,жоғалған қанның мөлшері осы уақытта қалпына келеді, ал алынған қан өзінің қасиетін жақсы сақтайды.Жоғалған қан тек тінаралық сұйықтықтың қан арнасына түсуімен ғана емес,сондай - ақ қан түзу қызметінің белсенділігінің артуымен де толтырылады .Сондай тәсілмен дайындалған қанның мөлшері 500 мл -ден аспауы керектігін білеміз.Яғни операцияға ұзақ уақыт дайындағанда,мысалы15 күнге дейін 1000 мл,тіпті 25 күнге дейін 1500 мл қан алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |