Клиникалық белгілері. Қоздырғыш ағзаға тері арқылы (95 пайыз) еніп, бұл жағдай сібір жарасының туындауына әкеп соғады. Спорамен демалса, онда өкпе қабыну түріндегі ауруға шалдығып, оны жұтар болса, ішектің зақымдалу белгілері пайда болады. Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Аурудың екі клиникалық түрі болады:
Жергілікті-карбункулезді, эдематозды, буллезді, эризипеллоидты түрлері.
Сепсистік-өкпелік, ішектік түрлері. Ең жиі кездесетін түрі карбункулезді түрі. Дененің ашық жерлері зақымдалады. Тек саусақ ұштары, тырнақ орны және мұрын терісі зақымдалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |