Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Гипс таңғышын салғанда мынадай ережелерді сақтау керек



бет145/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2
Гипс таңғышын салғанда мынадай ережелерді сақтау керек:
1. Аяқ-қолды функциональді қолайлы жағдайда бекіту керек, яғни
антагонистік бұлшықеттердің топтары тұрақтанған жағдайда ғана салынуы
тиіс.
2. Әрқашан, аз дегенде сынықтың айналасындағы екі буынды бекіту қажет.
3. Аяқ-қолдың саусақтарының ұштары ашық қалуы тиіс.
4. Сүйектің шығыңқы жерлеріне төсегіш (мақта) қою керек;
5. Таңғыш тіндерді қыспай салынуы тиіс.
6. Таңғышты салған уақытты және шешіп алынатын күнді белгілеп кою
керек.
Гипс таңғыштарының түрлері: лонгетті, циркулярлы, лонгетті-циркулярлы, терезелік және көпір тәрізді. Санға, жамбас-сан буынына салынатын гипс таңғыштары арнайы ортопедиялық үстелде орындалады.
Гипстеу тәсілі: Гипсті дәке орағышын температурасы 20°С суы бар
ыдысқа салып, 1,5-2 минут барлық ауа көпіршіктері шыққанша дейін
батырып тұрады. Сосын дәке орағышын судан алып, ақырын сығады. Дәкені
ұзына бойы ашып, жақсылап түзулейді. Қолға иммобилизация жасау үшін 3-4 қабатты лонгета, аяққа - 6-8 қабатты лонгета қолданылады. Гипс қатқанша,
оны мүшенің пішініне сай етіп орналастырады. Гипстелген аяқ-қолды клеенкат жастығына қояды. Науқасты таңғыш салынғаннан кейін, 25-30 минуттан соң, гипс қатқан кезде тасымалдауға болады. Иммобилизацияланған науқасқа үнемі бақылау жүргізу қажет. Ауыру сезімі, аяқ-қолдың керіліп қысылусезімі, саусақтарының түсінің өзгеруі және ісінуі, иммобилизацияланған аяқ-қолдың көгеруі, сезімталдықтың бұзылуы дәрігерге таңғыштың дұрыс емес салынғандығын білдіреді. Осындай жағдайда таңғышты бөлшектеп немесе толық кесіп, шеттерін ашу керек. Ісіну жылдам дамыса, таңғышты тез арада шешіп алу кажет. Таңғыштың астында жергілікті ауыру сезімінің пайда болуы ойылудың (ойықтың) дамуының белгісі болып табылады. Сынық тұтасып біткеннен кейін, гипс таңғышын алып тастайды. Ол үшін арнайы қайшыларды қолданады.
Жарқыншақты, ұнтақталып бөлшектенген жабық және ашық сынықтарда,
сонымен қатар жұмсақ тіндердің аумақты зақымдалуымен, күйікпен немесе
ерте іріңдеумен қабаттасқан және ескірген сынықтарда аспаптармен ошақтан
тыс бекіту немесе қаңқалық тарту әдістері қолданылады. Әртүрлі металлды
құрылымдарды пайдаланып, хирургиялық әдіспен көлденең және оған
жақын, қиғаш және бұралмалы ортан жіліктің, асықты жіліктің және білек
сүйектерінің ығысқан сынықтарын бекітеді.
Тарту қаңқалық (сүйектік) және лейкопластырлық болуы мүмкін.
Қаңқалық тарту көбінесе жамбас сүйектері сынғанда, ортан жіліктің
ұршықты немесе диафизарлы, сирақ және сан сүйектерінің бұралмалы және
жарқыншақты сынықтарында қолданылады. Оны операция алдындағы дайындық ретінде ортан жіліктің мойны сынғанда және сан сүйегінің
ұршықты сынығында ұштарын репозиция жасау үшін пайдаланады, сонымен
катар науқастың жағдайының ауырлылығына байланысты остеосинтез жасау
мүмкіндігі болмаған кезде жүргізеді.
Ересек адамдарда жамбас және сан сүйектерінің күрделі сынықтарының
консолидациясы, әдетте 3-4 айдың ішінде басталады, ал сирақ сүйектерінің
сынығында - 2-4 айдан соң басталады. Қаңқалық тартудан кейін, аяқ-қолды
көбінесе гипс таңғышымен иммобилизациялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет