Қан құюдың қарсы көрсеткіштерін анықтауға мыналар жатады :
жүрек қызметінің декомпенсациясы ;
мидың қан айналымының бұзылуы ;
тыныс жетіспеушілігі ;
тромбоэмболиялық ауру ;
жедел бүйрек жетіспеушілігі ;
ауыр бауыр жетіспеушілігі ;
аллергиялық жағдай.
2.Трансфузиялық ортаны және құю тәсілін таңдау .Қазіргі уақытта денедегі әртүрлі патологиялық жағдайларда қан бөлшектерінің жоғалтқан мөлшерінің орнын толтыру үшін , бірнеше қағидалар белітілген . Жедел массивті қан жоғалту кезінде және мұздатылған плазма , эритроцитті масса жоқ болған жағдайларда , сонымен қатар нәрестелердің гемолитикалық ауруын емдеуде қан алмастыру тәсілін қолданғанда , тұтас қанды құюға болмайды .Мысалы , гемофилия ауруында науқасқа тек VIII факторды енгізу керек . Организмге осы факторды толтыру үшін , бірнеше миллилитр антигемофильді глобулин қажет ,ал тұтас қанды енгізсек ,оның бірнеше литрі керек .Трансфузиялық ортаны таңдау кезінде , науқасқа қажет болатын қан компоненттін немесе өнімін ғана пайдалану керек .Қан құюдың негізгі тәсілі - тері асты көк тамырына тамшылатып құю.
3.Косервіленген құюға арналған қанның және оның бөлшектерінің жарамдылығын бағалау .Трансфузия алдында құюға арналған қанды тексереді :ыдыстың бүтіндігін , жарамдылық мерзімін анықтайды .Сақталу мерзімі 5-7 тәуліктен аспаған қанды құю лайықты деп есептеледі , себебі сақталу мерзімі ұзарған сайын , қанда , оның сапасын төмендететін биохимиялық және морфологиялық өзгерістер жүреді .Макроскопиялық бағалау кезінде , қан үш қабатқа бөлінуі тиіс : лейкоциттердің жұқа қабатымен жабылған эритроциттердің қызыл қабаты төменде орналасады , ал оның үстінде мөлдір , аздап сарғыш түсті плазма анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |