4.Реципиенттің және донордың қан тобын анықтау.Енгізу алдында науқастың және донордың қан тобын анықтайды . Анықтау әдісін қан құятын дәрігер жүргізу тиіс .Қан тобын анықтауды басқа дәрігерге тапсыруға болмайды.Шұғыл қан құюды талап ететін жағдайларда ,ABO жүйесімен қан тобын анықтап қана қоймай , резус - факторды экспресс әдіспен де анықтау қажет.
5.Сәйкестілік сынамаларын жүргізу.Индивидуальді жеке - дара , топтық сәйкестікті анықтау үшін ,тамырдан пробиркаға 3-5 мл қанды алады, центрифугадан өткізеді , кейін сары судың үлкен тамшысын табақшаға немесе пластинаға тамызады.Оның қасына ара - қатынасы 5 : 1 - 10 : 1 донор қанының тамшысын құяды да ,шыны шыбықпен немесе шынының бұрыштарымен араластырады , 5 минут өткеннен кейін , изотониялық натрий хлоридінің ерітіндісінің тамшысын тамызады да , агглютинация бар немесе жоқ болуына қарап қорытынды жасайды . Агглютинацияның жоқ болуы донор мен реципиенттің арасындағы қанның топтық сәйкес келуінің белгісі , ал агглютинация пайда болса , қан сәйкес емес деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |