7.Жүйені дайындау және трансфузияны бастау.Қан құю үшін , бір рет қолдануға арналған капронды фильтрі бар , пластикалық жүйені пайдаланады.Бұл жүйе инесі бар қысқа түтікшеден , флаконға ауа кіретін фильтрден және екі жағында инесі бар құюға арналған ұзын түтікшеден тұрады .Жүйе пластинкалы капрон фильтрлi тамызғышпен және құю жылдамдығын реттейтін қысқышпен жабдықталған.
8.Биологиялық сәйкестілік сынамасын жүргізу . Қан және бөлшектерін (эритроцитті массаны , эритроцитті тұнбаны , плазманы ) құю биологиялық сәйкестілік сынамасан жүргізуден басталады . Ол үшін алғашқы 15-20 мл қанды сарқыратып құйып , 3 минутқа енгізуді тоқтатады да , науқастың жалпы бақылап отырады . Тамыр соғуының жиілеуі , ентігу , тынысының нашарлауы , бетінің қызаруы , артериялық қысымның төмендеуі донор мен реципиенттің қанының сәйкес болмауының белгісі . Мұндай белгілер анықталмаса , сынаманы осы тәртіппен тағы да 2 рет қайталайды .
Достарыңызбен бөлісу: |