Өткізгіштік анестезияны операция жасалатын аймақтан жоғары орна ласқан нерв бағанасын немесе өрімін жергілікті жансыздандыру арқылы жүзеге асырады. Алғашында проксимальді бөліктің , содан кейін дистальді бөліктің жансыздануы байқалады . Ол нерв талшықтарының құрылысына байланысты болады. Өткізгіштік анестезияны жүзеге асыру үшін, негізінен жоғары концентрациялы (новокаин, лидокаин, буливакаин ерітінділерін пайдаланады, бірақ оларды аз мөлшерде енгізеді. Оның келесідей түрлерін ажыратады : нерв сабауларынын анестезиясы , нерв өрімдерінін анестезиясы, нерв түйіндерінің анестезиясы (паравертебралды), жұлындык және эпидуралды (перидуралды) анестезия. Анестетикті пери немесе эндоневралды енгізіледі .
Күбірткені тіліп ашу кезінде Лукашевич Оберет әдісі бойынша жүргізілетін өткізгіштік анестезия кең қолданылады. Саусақтың түбіріне бұрау салып, төменірек орналасқан оң және сол жағындағы 2 нүктеден 1-2 % новокаин (лидокаин) ерітіндісінің 1-2 мл енгізеді. Содан кейін 5-7 минут өткен сон , тiлiк жасайды.
Куленкампф бойынша иық өрімінін анестезиясын қолға операция жасаған кезде қолданады . Науқастың калпы — аркасымен , басын қарама қарсы жаққа каратып, колы үстелден еркін салбыраған күйінде болу керек . Бұғананың ортасынан, оның жоғарғы жиегі бойымен бұғанасты артериясының проекциясын анықтайды. Иық өрімі бұғанасты артериясынан сыртқа карай проекцияланады. Теріні прокаин ерітіндісімен инфильтрациялағаннан кейін, шприцсіз ұзын инені, артерияның пульсациясынан сыртқа, 1 cм бұғанадан жоғары және бірінші кабырғаның жоғарғы жиегімен сырғанай, I және ІІ кеуде омырткаларының ( Th I - II ) қылқанды өсінділерінің бағытына қарай жоғары жылжытып , өрімге дейін жетеді . Қолда жағымсыз сезімнің пайда болуы , ұю немесе « атылған » ауру сезімін сезу , иненің өрімнің нерв сабауының біреуіне тигенін көрсетеді. Инеден қанның бөлінуі оның қантамырға түскендігін куәландырады. Мұндай жағдайда инені бірнеше аркаға шеrіндіріп , оның жүру бағытын өзгертеді. Инеден кан бөлінуінің токтағанын көргеннен кейін , 30–35 мл 1 % прокаин немесе лидокаинның ерітіндісін енгізеді . Анестезия 10-15 мин кейін басталып, 2-6 сағатқа созылады . Браун бойынша құрсақтық нервтердің іш қуысындағы анестезияны асказан резекциясы кезінде жергілікті инфильтрационды анестезияға қосымша етіп жүргізеді. Лапоратомиядан кейін , ілмекпен бауырдың сол жак үлесін жоғарыға , онға әкетіп , ал асказанды солға, төменге. Кіші шарбы аймағында сол қолдың көрсеткіш саусағымен ортаның пульсациясын құрсақ артериясының шыққан жерінен жоғары сипап сезеді, саусақпен ортадан оңға қарай, омыртқаға тірейді . Сайып келгенде , саусақ орта мен төменгі қуыс вена ара сында орналасады . Анестезия үшін 0,5 % прокаинның ерітіндісі бар, шприцке кигізілген ұзын инені пайдаланады . Инені сол қолдың саусағының бойымен , Th XII дейін тірелгенше жүргізіп , содан соң бірнеше арка шегінеді . Шприцтін піскегін тартып , қан шықпағанын көргеннен кейін , шел май кабатка ретро перитонеалды кеңістікке таралатын және күндік өрімді қоршайтын , 50-70 мл 0,5 % прокаин немесе лидокаинты ерітіндісін енгізеді . Анестезия 5-10 мин нуттан кейін басталып , 1,5-2 сағатқа созылады .