Біріктірілген препарат, құрамында дәрілік өсімдіктер сығындысы мен гвайфенезин қосындысы бар. Дәрілік өсімдіктерінен алынған сығынды негізінен седативті (тыныштандыратын) әсер көрсетеді, гвайфенезин анксиолиттік (үрейге қарсы) әсерге ие. Қорқу сезімін, психоэмоциональдық жүктеме көріністерін азайтады. Тегіс бұлшық етті босаңсытады.
Гвайфенезин асқазан-ішек жолында тез сіңеді, бауырда метоболизденеді, глюкурон қышқылымен байланысады және негізінен несеппен инактивті метоболиттер түрінде шығарылады. Биологиялық жартылай ыдырау кезеңі шамамен 1 сағат.