тар аспектіде ұл балаларға әуестік
кең аспектіде жалпы балаларға деген әуестік
16 жастан асқан ер балаларға әуестік (эфебофилия)
16 жасқа дейінгі қыздарға әуестік (корофилия)
жыныстық қатынасқа түспеген қыздарға әуестік(партенофилия)
Мамандардың айтуы бойынша педофилияның қалыптасуына психосексуалдықтың дамуының тежелуі жатыр. Өз жасындағы құрбыларымен жыныстық қарым қатынастың қиын болуы әкеліп соғады. Кейбір сексологтар шынайы және алмастырушы педофилияны бөледі:
шынайы-жыныстық әуестік тек қана балаларға.
алмастырушылық-жыныстық жетілген партнердің жоқ болуынан.
Зоофилия — (zoophilia; zoo- жануар, philia- әуестік, махаббат; син. бестиализм, содомия, зооэрастия) Жиі толық жетілу кезеңінде жастарда, ер адамдарда кездесетін жануарларға деген жыныстық әуестікпен сипатталатын жыныстық бұрмалану түрі.Жануарлармен жыныстық қатынастан қанағат алады (көбіне үй жануарларымен)
Геронтофилия. Егде жастағы адамдарға әуестік. Жас әйелдердің қарт адамдарға деген құмарлығын, мамандар жыныстық қатынаста жас адамдардан қанағаттанбауын олардың жыныстық эгоизмімен, көңіл бөлудің жеткіліксіздігімен, жедел эякуляциямен, жыныстық қатынасқа деген үлкен сұранысымен түсіндіреді. Кейде геронтофилияның себебі болып әйел адамдардың садомазахистикалық құмарлықтары болу мүмкін, яғни олардың әлсіз қарт адамдарды толық игеруге деген құмарлығы. Жас ер және әйел адамдардың егде жастағы қарттарға деген қызығуы пайда болады, себебі олардың ойы бойынша жастарды қанағаттандыра алмауы мүмкін деген ойдан туады.
Некрофилия мәйіттермен жыныстық қатынасқа түсуге әуестік. Өте сирек ер адамдарда кездеседі, бұл көбінесе психикалық жетілмеген және психикалық ауру адамдарда кездеседі мұндай адамдарда садистикалық ауытқулар болады. Некрофилия кезінде некрофилдер мәйітті бөлшектеуден, бөлектерді өз денесіне қоюдан, мәйіт қасында мастурбация жасаудан, кейде жыныстық қатынасқа түсуден ләззат алады. Әдетте некрофилдер тек өлі денені қолданады. Адам өлтіруге сирек барады, себебі адам өлтіру жыныстық ләзаттың стимулына жатпайды. Мұндай адамдар көбіне моргтарға және зираттарға жұмысқа орналасады.
Трансвестизм — (transvestismus; trans+ vestio- кию; син. эонизм) басқа жыныстың киімін кию арқылы жыныстық қозу және қанағаттанушылықпен сипатталатын жыныстық бұрмаланудың түрі.
Эксгибиционизм (лат. exhibeo- көрсету) басқа жыныстағы адамның көзінше жыныс ағзаларын жалаңаштау арқылы жыныстық қанағаттанушылыққа жетумен сипатталатын жыныстық бұрмалану түрі.
Вуайеризм (визионизм) Бұл жыныс мүшелерін сығалаудан қанағат алатын жыныстық бұрмаланудың бір түрі. Жыныс актісін көруге, жыныс мүшелерін сығалауға деген құмарлық мектепке дейінгі жастағы балалардың ¼ кездеседі, 7-11 бұл құмарлық әр бір 3-ші балада кездеседі, 6 % қыз балаларда кездеседі. Балалық вуайеризмнің қалыптасуына себепші факторлар: құрбылармен араласудағы қиындықтар, қарама — қарсы жыныстағы адамдармен дұрыс қарым — қатынас орнатуды білмеушілік вуайеризмнің әр түрлілігіне стриптизбен айналысу, эротикалық шоулар әкеледі.
Мазохизм (masochismus; австриалық жазушы Зохер-Мазох ең алғаш суреттеген; син. енжар альголагния, пассивизм) Бұл өзінің жыныстық партнерынан физикалық ауырсынулар мен моральдік төмендетулерден қозумен қанағат алатын жыныстық бұрмаланудың түрі.Өзін партнерының алдында әлсіз сезінгенді ұнатады, мазохизм бұл нормадан бұрмаланушылық.
Садизм (sadismus; франц. жазушысы Маркиза desade атымен; син. белсенді альголагния) садизм –жыныстық зорлаушылдық, яғни партнерына физикалық және психикалық ауырсыну тудыру арқылы ләззәт алады. Агрессияға байланысты сексуалды қылмыс жасайды. Садизмнің соңғы дәрежесінде өлтіруге байланысты ләззат алу.
Достарыңызбен бөлісу: |