Тенотен
Фармакодинамикасы
Препарат тыныштандырғыш, үрейге қарсы (анксиолитикалық) әсер етіп, гипногенді және миорелаксантты жағымсыз әсерлерді шақырмайды. Психоэмоциональді жүктемелерге төзімділігін жақсартады. Стресс-протекторлы, ноотропты, антиамнестиялық, гипоксияға қарсы, нейропротекторлы, антиастениялық, жабығуға қарсы әсерге ие.
Уыттану, гипоксия жағдайында, ми қан айналымы жедел бұзылғанда нейропротекторлы әсер етеді, зақымдану аймағын шектейді, ОЖЖ-дегі үйрену және жады үдерісін қалпына келтіреді.
Липидтердің асқын тотығу үдерісін тежейді.
Мидағы синапстық (ақпараттық) және метаболиздік үдерістердің түйісуін жүзеге асыратын S-100 ақуызының функционалды белсенділігін өзгертеді.
ГАМК-миметикалық және нейротрофикалық әсер ете отырып, стресс-шектейтін жүйелердің белсенділігін арттырып, нейрональді иілгіштік үдерістерінің қалпына келуіне ықпал етеді.
Қолданылуы
- невротикалық және невроз тәрізді бұзылуларда, психосоматикалық ауруларда; вегетативтік реакциялар және үрей, ашуланшақтық, жоғарғы жүйке қозуымен стрестік бұзылыстарда
- тұрақты емес эмоциональдік аясымен, ашуланшақтықпен, жадының төмендеуімен, вегетативтік бұзылулармен бірге жүретін ОЖЖ-нің орташа айқындықтағы органикалық, сонымен қатар травматикалық және дисциркуляторлық шығу тегімен зақымдануларында
Достарыңызбен бөлісу: |