Фармакологиялық әсерлері
1) Седативті әсері.
2) Транквилизациялық немесе анксиолитикалық әсері – ішкі кернеулікті, үрейді, жеңіл қорқыныш сезімін төмендетеді. Олар агрессияны азайтып, адамды тыныштандырады
3) Миорелаксациялық әсері әлсіз.
4) Құрысуға қарсы әсері
5) Ұйықтатқыш әсер.
6) Потенциялаушы әсер (ОНЖ тежейтін заттардың және аналгетиктердің әсерін күшейтеді).
3. Жыныстық әуестіктердің бұзылуы
Адамдағы үш құмарлық:
Тамақ
Жыныс
Өзін — өзі қорғау
Жыныстық бұрмалану түрлері
Парафилия (paraphilia; para+ грекше philia- жақсы көру, әуестік)- жыныстық инстинкттің бұрмалануы.
Импотенция (impotentia; лат. әлсіздік, күштің болмауы)- ер адамның жыныстық қатынасқа түсуге қабілетінің болмауы.
Фригидтілік (frigiditas; лат. Frigidus- суық)- әйел адамның жыныстық қатынасқа суықтық танытуы, яғни жыныстық қатынасқа деген қабілетінің болмауы.
Сатириазис (satyriasis; грекше satyros- сатир)- ер адамдарда жыныстық қанағаттанбаушылық және жыныстық қатынасқа ынтызарлықпен сипатталатын әуестіктің патологиялық жоғарылауы.
Нимфомания (nymphomania; nymphi- келін+ мания; син. андромания)- әйел адамдарда жыныстық қатынасқа деген ынтызарлығымен көрінетін жыныстық әуестіктің патологиялық жоғарылауы.
Бисексуализм (bi + sexsus- жыныс, син. амбисексуалдық)- сексопатологияда бұл- екі жыныс түріне де әуестіктің болуы.
Гомосексуализм (homosexualismus; homo + sexus-жыныс, син. гомоэротизм)- өз жынысындағыларға сексуалді әуестіктің болуымен сипатталатын жыныстық бұрмалану.
Лесбианство (Amor lesbiacus; грек аралы Лесбос атымен; син. сапфизм, трибада) — әйел адамдар арасындағы гомосексуализм.
Эфебофилия ( грекше ephebos- боз бала + philia-әуестік, махаббат)- құмарлық обьектісі жас-өспірімдер болуымен сипатталатын еркектік гомосексуализм түрі.
Корофилия (Corophilia; kore- қыз, philia-әуестік)- таңдамалы түрде қыз балаларға әуестенумен сипатталатын әйелдік гомосексуализмнің бір түрі.
Партенофилия— әлі жыныстық қатынаста болмаған ұл балаға, яғни сексуалды тәжірибесі жоқ жетілген жас субьект ретінде оған деген жыныстық әуестік.
Нарциссизм (грекше narcissos- нарцисс; син. аутофилия, аутоэротизм, аутомоносексуализм)- өзінің денесіне деген әуестікпен, құмарлықпен сипатталатын жыныстық бұрмаланудың түрі.
Клептолагия (грекше klepto- ұрлау, lagneia- құмарлық)- ұрлық жасау арқылы жыныстық қанағаттанушылыққа жетумен сипатталатын жыныстық бұрмаланудың бір түрі.
Салиромания— басқа адамдарға балшық, нәжіс, зәр, қан т.б. жағу арқылы сексуалды қанағаттанушылыққа жететін жыныстық бұрмалану.
Копрофемия (copro- нәжіс, phemi-сөйлеу)- жаман балағат сөздерді айту арқылы жыныстық қанағаттанушылыққа жетумен сипатталатын жыныстық инстинктің бұрмалануы.
Зоосадизм (zoosadismus)- жануарларды қинау немесе өлтіру арқылы жыныстық қанағаттанумен, оргазммен сипатталатын жыныстық бұрмаланудың бір түрі.
Ренифлерс— әр түрлі белгілі бір иістерді (иіссу, сонымен қатар жуылмаған жыныс ағзаларын) иіскеу арқылы сексуалды қозу және қанағаттанушылыққа жетумен сипатталатын бұрмалану түрі.
Плюрализм— бірнеше адамның бір-бірінің көзінше жыныстық қатынасқа түсумен көрінетін жыныстық бұрмалану түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |