Лексикалық дағдыларды қалыптастыру оқушылардың сөздік қорын дамытуға ықпал етеді. Лексикалық дағдыларды қалыптастыру үшін ән материалдарын пайдалану оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуінде жаңа лексикалық бірліктерді меңгеруге көмектеседі. Осылайша оқушылар белсенді сөздік қорын толықтырады, сондай-ақ пассивті сөздік қорлары кеңейеді. Әдістемелік терминдер мен ұғымдардың ғылыми сөздігінде лексикалық дағдылардың анықтамасы беріледі. Лексикалық дағды - бұл лексикалық бірліктерді таңдау бойынша автоматтандырылған іс-әрекет ойға барабар және өнімді сөйлеудегі басқа бірліктермен үйлесім нормаларына сәйкес, сондай-ақ рецептивті сөйлеуде мәні бар автоматты қабылдау және ассоциациялау. Лексиканы оқыту туралы айтқанда, лексиканы түсіндіру жəне оны
оқушылардың игеруі туралы айту керек. Əр сыныпта бұл сұрақтардың ерекшеліктері бар, сондықтан əр кезеңде сөзді үйрету əдістемесі əр түрлі болады.
Шет тілінің сөзін үйретудің негізгі түрі - оны туған тілге аудару, оның аудармасын білу. Аударманы қолданудың жетістігі - сөздің туған тілден
аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкіндік беруі, ал кемшілігі кейде сөздің
туған тілде баламасының болмауы. Бұл тілдерді білу деңгейінің алуандығына да байланысты. Кей жағдайда сөздің мағынасын тіке аудармай, сөйлемнің деңгейінде аударамыз. Тілді аударып пайдалану оқыту барлық кезеңінде жүргізіледі. Сөз дыбыстан құралады, əріппен жазылады, оқу ережесі болады. Сөзді үйретудің басқа бір түрі - көрнекілікті пайдалану. Көрнекілік сыртқы (заттың немесе суреттің) жəне ішкі (тілдік)
болып бөлінеді. Заттық немесе суретті көрнекіліктің сөздің мағынасын берудегі қызметі өте
төмен. Мысалы, сыныптағы, үйдегі заттардың атауын білу көп көмектеседі, керісінше, заттардың суретінсалу оның мағынасын беруге көмектесе алмайды, кейде оқушылар заттарды суретіне қарап тани
алмайды. Сондықтан затты көрсеткеннен кейін оның аудармасын беру керек.
Тілдік көрнекілік шет тілін оқытуда кеңінен қолданылуы керек. Тілдік көрнекіліктерге мыналар жатады:
1. Сөздің мағынасын сөйлем аясында түсіндіру.
2. Сөздің мағынасын антонимдер, синонимдер арқылы түсіндіру.
3. Сөздің мағынасын сөз жасау белгілері бойынша түсіндіру
4. Сөздің мағынасын оның ағылшын тілінде берілген анықтамасы бойынша түсіндіру:
5. Енді осы тілдік көрнекіліктің мықты жəне əлсіз жақтарын қарастырайық.
Контекст-мағына - бұл көрнекіліктің пайдасы сөздің сөйлемде қолданылған мағынасы ой туғызады, есте ұзақ
сақталады, бірақ сөйлемдегідей оның мағынасы негізгі мағына болуымен қатар қосымша мағынасы болуы да мүмкін, осы жағдайда оны қолдану тиімді емес. Сондықтан сөйлемдегідей мағынасын іздеп табу керек, бұл оңай емес, оған қосымша түсініктеме берілуі керек.
Синонимдер мен антонимдер.
Жаңа сөздің мағынасын үйретудегі синонимдер мен антонимдердің маңызы шектеулі. Себебі, синонимдердің мағынасы негізгі мағынаға өте жақын емес. Сондыңтан амонимді пайдалану онша табысты емес. Сөйлемдегі сөздің қолданылу мағынасы да түрлі жағдайда əртүрлі. Сөз жасау: сөз жасау жолдарын талдау сөз мағынасын түсінудің жаңсы құралы, бұл тек сөздің түбірі оқушыға таныс болғанда ғана табысты болады. Егер түбірсөз түсініксіз болса, жасалған жаңа сөздерді игеру де қиын.
Сөздің мағынасын ағылшын тілінде бейнелеу (суреттеу). Сөздің мағынасын алудың бұл түрі белгілі бір жағдайда қолданылады. Оның мағынасын алуға жəне өткен жаңа сөздерді де қолдануға, қайталауға
қолданса өте тиімді болады. Тілдік көрнекілікті барлық оқу кезеңінде қолдануға болады. Бірақ оның
барлық түрлерін бірдей қолдана алмаймыз. Мысалы, сөз жасауды кез келген кезеңде əр түрлі деңгейде қолдануға болады. Суреттеуді жақсы дайындық бар кезеңде ғана қолдануға болады. Тілдік көрнекілікті қолдану
сөздің аудармасын бермейақ қоюға болады деген сөз емес. Сөздер мəтінді оңымастан бұрын түсіндіріледі. Сөзді жекелеп алып түсіндіруге болады немесе тұтас сөйлем мағынасында түсіндіріледі. Сөзді
оқу процесімен жарыстыра отырып түсіндіруге болады. Сөздің мағынасын түсіндірудің жолдары сөздің түріне жəне оқыту деңгейіне байланысты.