Билет №6 Модуль А. «Кәсіби қызметте білім беру мен оқытудың теориялық және практикалық негіздерін сипаттау»



бет2/13
Дата07.06.2022
өлшемі55,19 Kb.
#146151
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
БИЛЕТ педагогика

Жеке даралық бағыттылық – өз игіліктерінің басымдылығымен, жеке басының мүддесі, беделінің басым болуымен туындайды.
Ұжымдық бағыттылық – адам қарым-қатынасты қажетсінгенде туындайды. Мұндай адам бірігіп әрекет етуге қызығушылық білдіреді.
Іскерлік бағыттылық – іс-әрекет процесіне қызығушылықтың болуымен, танымды кеңейтуге ұмтылысымен және жаңа дағдыларды меңгеруге ұмтылысымен ерекшеленеді.
Тұлға бағыттылығы – бұл «адам мінез-құлығының негізгі бағыттарын анықтайтын негізгі тұрақты қажеттіліктер мен қызығушылықтардың, бейімділіктер мен сенімдердің, идеалдар мен көзқарастардың және т.б. жүйесі болып табылады».
Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар мыналар:
1. Тұқым қуалаушылық.
2. Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).
3. Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.
4. Тұлғаның іс-әрекеті
Американдық психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуашылық ғана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтарының сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі.
Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттілігі нышанының берілуін айтамыз.
Ата-аналарынан балаларына тұқым қуашылық арқылы:
― дене бітімінің ерекшеліктері;
― шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;
― қан тобы, резурс-фактор;
― бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық
процестердің өту ерекшеліктері;
― қан аурулары, қат диабеті, кейбір эндокриндік бұзушылықтар;
― кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырылады.
Орта деп бізді айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.
Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсуіне айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.
Әлеуметтік орта сол орта үшін құңды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттермен, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.
Тұқым қуалаушылық пен ортаның адамға ықпалы мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие арқылы түзетіледі. Тәрбиенің тиімділігі оның мақөсаты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.
с-әрекет деп адамның бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің барлығын айтады. Адамның өз қолымен жасап көрмеген іс-әрекетті оның санасында із қалдырмайтын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет