Билет №6 Модуль А. «Кәсіби қызметте білім беру мен оқытудың теориялық және практикалық негіздерін сипаттау»



бет4/13
Дата07.06.2022
өлшемі55,19 Kb.
#146151
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
БИЛЕТ педагогика

Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны. Кәсіптік бастауыш білім беру
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет