Билет №6 Модуль А. «Кәсіби қызметте білім беру мен оқытудың теориялық және практикалық негіздерін сипаттау»


Іс-әрекет бағыттарына қарай мынадай



бет3/13
Дата07.06.2022
өлшемі55,19 Kb.
#146151
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
БИЛЕТ педагогика

Іс-әрекет бағыттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
– танымдық іс-әрекет;
– қоғамдық іс-әрекет;
– спорттық іс-әрекет;
– көркем өнерлік іс-әрекет;
– техникалық іс-әрекет;
– қолөнерлік іс-әрекет;
– гедоникалық іс-әрекет.
Сүбъектінін іс-әрекеті - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды.
Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемісті ағаштың өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі,
яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер
еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. 
Модуль В. «Жазбаша эссе». (250 сөз)
1. Жазбаша эссе
Модуль С. «Педагогикалық ситуациялық мәселелерді шешу».
1.Психологиялық-педагогикалық жағдаят №6
БИЛЕТ №7
Модуль А. «Кәсіби қызметте білім беру мен оқытудың теориялық және практикалық негіздерін сипаттау».
1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Білім туралы Заң.
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті. Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды. Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет