Билет бронхообструкциялық синдром


Біріншілік жүре пайда болған гипотиреоз



бет56/61
Дата27.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#188661
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
ВОП

Біріншілік жүре пайда болған гипотиреоз:

  • Этиологиясы: Созылмалы аутоиммунды тиреоидит, ҚБ-ге жүргізілген операциялық араласулар, 131I-пен терапия

  • Патогенезі: Ағзаның жасушалық жүйесінің метаболизмі мен негізгі алмасудың тӛмендеуі

  • Басты клиникалық кӛріністері: Спецификалық емес немесе болмайды: жалпы әлсіздік, депрессия, терінің құрғауы, шаштың артық түсуі, іш қату, гипохромды анемия, перикардта сұйықтықтың жиналуы, диастолалық гипертензия, атерогенді дислипидемия, етеккірлік циклдің ӛзгеруі, бедеулік, либидоның тӛмендеуі

  • Диагностикасы: Манифесті біріншілік гипотиреоз: ТТГ↑, Т4↓ Субклиникалық гипотиреоз: ТТГ↑, Т4-қалыпты деңгейде. Екіншілік гипотиреоз: ТТГ↓, Т4↓

  • Емі: Левотироксин препараттарымен орынбасушы терапия (жалпы орынбасушы мӛлшері дене массасына 1,4 мкг/кг), терапияның мақсаты- қалыпты деңгейде ТТГ ұстау

14 емтихан билеті



  1. Өткізгіштіктің бұзылуы: АВ блокадалар, синус түйінінің әлсіздік синдромы.Амбулаторлық жағдайда жүргізу

АВ бөгелу
АВ бөгелу жүрекшелер тарапынан қарыншаларға импульстар өткізудің бәсеңдеуі немесе тоқтауы болып табылады. АВ бөгелу даму үшін өткізгіш жүйенің зақымдану деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жүрекшелердегі, АВ қосылыстардағы және қарыншалардағы өткізудің бұзылуы болуы мүмкін.
АВ бөгелудің дәрежелері бойынша жіктелуі [10]:
· I дәрежелі АВ бөгелу жүрекшелер тарапынан қарыншаларға импульстар өткізудің бәсеңдеуімен сипатталады. ЭКГ-да P-Q аралығының 0,18-0,2 секундтан көпке ұзаруы байалады.
· II дәрежелі АВ бөгелу кезінде жүрекшелерден шығатынм бірлі-жарым импульстар кей кездері қарыншаларға өтпейді. Егер мұндай құбылыс сирек байқалатын болса және тек бір ғана қарыншалық кешен түсетін болса, науқастар ештеңе сезбеуі мүмкін, бірақ кейде басы айналу немесе көз алдының қарауытуы пайда болатын жүректің тоқтаған сәттерін сезінеді. ІІ дәрежелі АВ бөгелу Мобитц I типі - ЭКГ-да кейінгі артына ілескен қарыншалық кешені жоқ (Венкебах кезеңге бөлуімен бөгелудің І типі), дара Р тісшесімен P-Q аралығының мерзімдік ұзаруы байқалады. АВ бөгелудің бұл нұсқасы әдетте АВ қосылыс деңгейінде болады.
· ІІ дәрежелі АВ бөгелу Мобитц II типі оған дейінгі PQ аралығының ұзаруынсыз QRS кешендерінің мерзімдік түсуімен көрінеді. Бөгелу деңгейі әдетте Гис-Пуркинье жүйесі, QRS кешендері кең.
· ІІІ дәрежелі АВ бөгелу (атриовентрикулярлық толық бөгелу, толық көлденең бөгелу) жүрекшелерден электр импульстары қарыншаларға өткізілмейтін кезде туындайды. Бұл жағдайда жүрекше қалыпты жиілікпен жиырылады, ал қарыншалар сирек жиырылады. Қарыншалардың жиырылу жиілігі автоматизм ошағы тұрған деңгейге байланысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет