АВ бөгелу кезінде:
· Ырғақ үзілістері 2.5 секундтан көп (R-R аралығы)
· Ав диссоциациясының белгілер (барлық Р толқындарын қарыншаларға өткізудің болмауы, ол Р толқындары мен QRS кешендері арасындағы толық диссоциацияға алып келеді)
СТӘС кезінде:
· Ырғақ үзілістері 2.5 секундтан көп (R-R аралығы)
· Р-Р аралығының қалыпты Р-Р аралығынан 2 және одан көп есеге үлкеюі
· Синустық брадикардия
· Эмоциналдық/физикалық жүктеме кезінде ЖЖЖ ұлғаюының болмауы (СЖТ деректік жеткіліксіздігі)
ЭхоКГ: · Сол жақ қарынша қабырғаларының гипокинезі, акинезі, дискинезі
· Жүрек қабырғалары мен қуыстары анатомиясының, олардың арақатынасының, қақпақшалық аппарат құрылымының, сол жақ қарыншаның систолалық және диастолалық функциясының өзгеруі
Дәрі-дәрмексіз емдеу: · Төсектік режим;
· №10 емдәм.
Дәрі-дәрмекпен емдеу ЭКС орнатқанға дейінгі АВ бөгелу, СТӘС жіті дамуы кезіндегі негізгі дәрілік заттардың тізбесі (міндетті, 100% ықтималдық)