Билет бронхообструкциялық синдром



бет25/61
Дата27.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#188661
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
Байланысты:
ВОП

Анемия классификациясы:
1. Қан жоғалту нәтижесіндегі анемия:жедел постгеморрагиялық анемия (жедел қан жоғалту 3 айға дейін);
созылмалы постгеморрагиялық анемия.
2. Қан түзілу бұзылысы нәтижесіндегі анемия:
темір жетіспеушілікті;В12 дәрумені және фолий жетіспеушілікті;миелотоксикалық
апластикалық;метапластикалық
3. Қан түзілуі бұзылуы жоғарлауы нәтижесіндегі анемия (гемолитикалық):
туа пайда болған;жүре пайда болған.
4. Аралас этиологиялы анемия.
Сүйек миының регенераторлық қабілеттілігіне байланысты анемия түрлері:
арегенераторлы;гипорегенераторлы;регенераторлы.
Ауырлық дәрежесіне байланысты:
жеңіл ауырлықтағы (гемоглобин 90 г/л дейін және эритроциттер Зх1012/л дейін),
орташа ауырлықтағы (гемоглобин 70-89 г/л және эритроциттер 2,0-2,9×1012/л дейін),
ауыр дәрежесі (гемоглобин 69 г/л төмен және эритроциттер 1,9×1012/л төмен).
Анемиялық синдром:Анемия тереңдігіне және даму жылдамдығына байланысты пайда болады:Әлсіздік, шаршағыштық;Тәбет бұрмалануы, төмендеуі;Ентігу, жүрек қағуы;Бас айналу;Құлақтағы шуыл;Естен тану;Стенокардия ұстамасы ауырлануы;
Сидеропениялық синдром:
Бұлшықет аппараты өзгерісі. Бұлшықетте миоглобин және фермент жетіспеушілігі бұлшықеттік әлсіздікті жоғарлатады, тез шаршағыштық пайда болады. Балалар мен жасөспірімдерде ТЖА өсудің және физикалық дамудың артта қалуымен сипатталады. Нәтижесінде бұлшықет аппаратының сфинктері әлсіреп императивті зәр шығарулар, күлгенде, жөтелгенде зәрді ұстай алмаушылық, қыз балаларда түнгі зәр ұстай алмаушылық (энурез) байқалады.
Тері өзгерісі. Темір жетіспеушілігінде тері құрғап, тулейді. Тері пергементке ұқсас болады. Аналь тесігінде, ауыз бұрышында, табанда,алақанда жаралар пайда болады. Шаш сынғыш және түсуге бейім боп келеді. 20-25% жағдайда терінің жұқаруы, сынғыштғы, көлденең сызаттануы түрінде өзгеруі болады.
10-15% жағдайда асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының өзгерісі, ауыз бұрышының жарылуы, эрозиялануы. Пародонтозға, тіс жегіге бейімділік.
Иіс сезу өзгерісі, әр түрлі иіске құмарлық: бензинге, газға, мазутке, газет қағазына , ацетонға, лакка, гуталинге, нафталинге, жаңбырдан кейінгі топырақ иісіне.
Балалар мен жасөспірімдерде топырақ (геофагия), бор, тіс ұнтағы, көмір, саз,құм,мұз, шикі қамыр, фарш жегіштік түріндегі дәм сезу бұзылыстары пайда болады.
Атрофиялық ринит және фарингит түріндегі тыныс жолдарының шырышты қабаттарының өзгерісі.
87% жағдайда көгілдір склера симптомы түріндегі көру ағзасының шырышты қабатының өзгерісі.
Анемия ауырлығын бағалау:
Жеңіл дәрежесі Hb 110 – 90 г/л
Орташа дәрежесі Hb 90 – 70 г/л
Ауыр анемия Hb < 70 г/л


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет