шағын клиникалық пәндер емтиханына
«ЖТД жұмысындағы ішкі аурулар»
5-курс студенттеріне 2019-2020 оқу жылына арналған
Жеке және қоғамдық денсаулық.
Қоғамдық денсаулық қызметі (бұдан әрі - ҚДҚ) Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылды. ҚДҚ-ны дамыту мемлекеттік органдардың жобалық тәсілі шеңберінде іске асырылатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 10 салалық жобасының бірі болып табылады.ҚДҚ-ның негізгі миссиясы Қазақстан халқының денсаулығын танымал ықпал ету әдістері арқылы қорғау және нығайту болып табылады:
Дәлелдер негізіндегі аналитикалық жұмыс: инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды эпидқадағалау, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер;
Халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі шараларды іске асыру: ақпараттық-түсіндіру қызметі және коммуникация, мониторинг және ҚД-да төтенше жағдайлар кезінде ден қою, денсаулықты қорғау (тағам өнімдерінің, қоршаған ортаның, жұмыс орындарының қауіпсіздігін бақылау және т. б.), денсаулықты нығайту, денсаулық бұзылуын ерте анықтауды қоса алғанда аурулардың алдын алу;
Қызметті институционалдық дамыту: кадрлармен қамтамасыз ету, денсаулық пен игілік мүддесінде стратегиялық басшылық ету, ұйымдық құрылымдар мен қаржыландыруды қамтамасыз ету
Қоғамдық денсаулықта қолданылатын зерттеу әдістері:Статистикалық,тарихи,экономикалық,экспғрименталды, бақылау
2.ЖТД тәжірибесіндегі гемобластоздар.Жіктелуі. Дифференциальды диагностика. Амбулаторлық жағдайда тексеру.
Қан түзілу мүшелерінің ісік аурулары гемобластоз деп аталады. Гемобластоздар негізгі екі топқа бөлінеді: сүйек кемігінің бірінші ретті зақымданатын түрлері және сүйек кемігінен тыс ісік өскіні болатын түрлері (лимфогранулематоз). Бұл аурулар гистологиялық тегі бір торшалардан өседі және олардың бір – біріне айналу мүмкіншілігі болады. Мысалы, ақ ноғанада сүйек кемігінен тыс ісік өскіні пайда болуы мүмкін, ал лимфогранулематозда сүйек кемігінің зақымданып, онда лейкозға тән өзгерістер болуы мүмкін.
Этиологиясы мен патогенезі. Гемобластоздардың себептері толық анықталған емес. Барлық гемобластоздарға тән бір себеп болуы мүмкін деп айту қиын. Бұл аурулар негізінен радиациялық сәуленің әсерінен туады. Маңызды рольді химиялық заттар атқарады. Аутоиммундық дәрістердің әсерін де естен шығаруға болмайды. Гемобластоздар ісік ауруларына жатады. Көптеген гемобластоздар қан түзілу торшаларында болатын мутацияның нәтижесінде дамиды. Мутацияға ұшыраған қан түзілу торшалары өсе келе өзіне ұқсас торшалар ұрпағын тудырады. Кейін бұл торшалар қан түзілу жүйесіне тарайды. Гемобластоздардағы патологиялық дәрістің түрімен клиникалық көріністің ерекшеліктері қан түзілу тіндерінің зақымдануына байланысты. Сүйек кемігінде қаулап өсетін лейкемиялық торшалар қалыпты қан түзілу өскіндерін ығыстырып шығады. Сүйек кемігінен тыс болатын ісік өскіні зақымданған ағзалардың қызметін бұзып, оған сәйкес клиникалық белгілер береді. Гемобластоздар ерекшелігіне торшалардың біртіндеп өзгеруі мен ісіктің қатерлі күйге біртіндеп көшуі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |