Билет бронхообструкциялық синдром


Темір жетіспеушілік анемия



бет26/61
Дата27.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#188661
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61
Байланысты:
ВОП

Темір жетіспеушілік анемия:
Бұл кезеңде екі негізгі синдром болады: сидеропениялық және анемиялық
Анемиялық синдром қанда гемоглобин және эритроцит мөлшерінің төмендеуі нәтижесіндедамиды. Клиникалық көрінісі тіннің оттегілік ашығуымен байланысты және астениялық синдром, бас айналу, құлақтағы шуыл, тахикардия, естен тану жағдайымен көрінеді. Бұл кезеңде қанның жалпы анализінде лабораторлы көрсеткіштер өзгрісі болады.
Темір жетіспеушілік анемия диагнозы критериі:
түсті көрсеткіш төмендеуі эритроциттер гипохромиясы, микроцитоз сарысулық темір деңгейі төмендеуі Сарысудың жалпы темір байланыстырушы қабілеттілігінің жоғарлауы сарысудағы ферритин төмендеуі
Қанның жалпы анализі:
ТЖА кезінде жалпы қан анлизінде гемоглобин және эритроцит деңгейі төмендейді. Нb <98 г/л болғанда аздаған эритроцитопения анықталады, бірақ эритроциттердің <2 х 1012/л төмен болуы ТЖА тән емес.
Қанның биохимиялық анализі:
ТЖА кезінде қанның биохимиялық анализінде анықталады:
сарысулық ферритин концентрациясының төмендеуі;
сарысулық темір концентрациясының төмендеуі;
ОЖСС жоғарлауы;
трансфериннің темірмен қанығуының төмендеуі.
Эритроцитарлы индекстер:
Эритроциттің орташа көлемі (mean cell volume – MCV) – эритроциттер көлемінің сапалық көрсеткіші. MCV мағынасына қарай анемияның микроцитарлы (более 95 мкм3 артық), нормоцитарлы (77-95 мкм3) және макроцитарлы түрлеріне дифференциация жүргізіледі. ТЖА үшін анемияның микроцитарлы сипаты тән.( 77 мкм3 төмен).
Эритроциттегі гемоглобиннің орташа көлемі (mean cell hemoglobin – MCH) – клиникалық тұрғыдан түсті көрсеткішке ұқсас. МСН негізі бойынша нормохромды (27-32 пг), гиперхромды (95 мкм3 артық) және гипохромды анемияларды ажыратады. Темір жетіспеушілікті анемия үшін гипохромды сипат тән (27 пг төмен).
Эритроциттегі гемоглобиннің орташа концентрациясы (mean cell hemoglobin concentration, MCHC) – эритроцит көлеміне қарамастан эритроциттің гемоглобинмен қанығу дәрежесі. ТЖА үшін МСНС көрсеткішінің төмендеуі тән.
Жедел қан жоғалтумен сипатталатын анемия (жедел постгеморрагиялық анемия)
Кезеңдері:
1) Рефлекторлы-қантамырлы компенсация
Бірінші тәулікте – лейкоцитоз (20 мың/мл) с нейтрофильді жылжумен; гипертромбоцитоз ( 1 млн/мл дейін).
2) Гидремиялық компенсация – НЬ, Ht және эритроциттер төмендеуі, гемолиз, азотемия болуы мүмкін;
3) Сүйек милық компенсация: сүйек миында Эпо жоғарлауы, эритроидты өсімнің гиперплазиясы, ретикулоцитоз, пойкилоцитоз, полихромазия, нормобластоз
Темір жетіспеушілік анемия емдеу принциптері:
Егер мүмкін болса, темір жетіспеушілік анемияның себептерін жою;
Мөлшері темір атомы құрмына байланысты есептелетін темір препараттары: тәулігіне 200-300 мг темір 3 рет ашқарында;
Алғашқы 3 күнде – 50% мөлшерде;
7-10 күнде (Rt) және ай сайын (СЖ, ФС) лабораторлы көрсеткіштерді бақылау;
Көрсеткіш қалыпқа келгеннен кейін сүйемелдеуші мөлшерді қабылдау;
Емнің жалпы ұзақтығы 4-6 ай.
сонымен қатар жүктілерде болатын анемия жайлы және теміржетіспеушілік анемия мына жерден толықтай оқыңыз.

7 емтихан билеті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет