Билет бронхообструкциялық синдром


Қолқа стенозының сатылары



бет34/61
Дата27.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#188661
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
Байланысты:
ВОП

Қолқа стенозының сатылары:

0 сатысы – ешқандай шағым жоқ, науқас адам түскен күшті жақсы көтереді.


І сатысы – ақаудың алғашқы клиникалық белгілер сатысы. Денеге күш түскенде, кейде тыныш күйде бас айналуы мен бас ауыруы төс артының және жүрек тұсында қысып немесе жаншып ауыруы байқалады.


ІІ сатысы – аурудың айқын клиникалық белгілері болады. Ақаудың 2 типін ажыратады: ишемиялық тип – ауру клиникасында күш түскенде және түнде болатын ауырғандық басым болады; қан іркілмелі тип – шамалы күш түскенде болатын немесе тыныш күйде болатын ентігу, жүрек тұншықпасының ұстамалары байқалады.


ІІІ сатысы – толық жүрек әлсіздігінің белгілері болады.




Асқынулары. Болатын асқынулар:

1. Кенеттен болатын өлім (14-18% жағдайында), қарыншалар фибрилляциясынан болады;


2. Миокард инфарктісі, пайда болу себептері:


а) айдалма қан көлемінің аздығынан тәж артерияларына келетін қанның жеткіліксіз болуы;


б) сол жақ қарыншаның ауқымды гипертрофиясы мен коронарлық тамырлар торының арасындағы сәйкессіздік;


в) сол жақ қарыншадағы қысым жоғары болатындықтан қарынша қабырғасындағы тамырлардың қысылып қалуы.


Прогнозы. Декомпенсация ұзақ уақыт дамымайды. Аурудың болжамын ревматизмдік процесс пен салыстырмалы коронарлық жетіспеушілік нашарлатады, олар жүрек әлсіздігінің туындауына жағдай жасайды.


Емі. Қан іркілмелі жүрек әлсіздігі бар сол жақ қарыншаның дисфункциясында жүрек гликозидтері, диуретиктер, вазодилататорлар беріледі. Рефрактерлік жүрек әлсіздігінде инотропты дәрілерді венаға жібереді.


Хирургиялық ем қолданылатын жағдайлар:


а) клиникалық белгілері бар қолқа сағасы стенозының ІІІ-IV дәрежесі;


б) сол жақ қарынша дисфункциясы бар қолқа стенозының симптомсыз түрі.


Хирургиялық емдердің ішінен баллонды вальвулопластика, жасанды механикалық протез салу операциялары қолданылады. Хирургиялық емге қарсы көрсетпелер қолқа қақпақтарының кемістігіндей.


9 емтихан билеті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет