шағын клиникалық пәндер емтиханына «ЖТД жұмысындағы ішкі аурулар» 5-курс студенттеріне 2019-2020 оқу жылына арналған Жалпы тәжірибе дәрігерінің тәжірибесіндегі жедел коронарлық синдром
Подагра мен остеопороз. Дифференциальды диагностикасы. Амбулаторлық жағдайда жүргізу
Жіті (жедел) коронарлы синдром деп миокард инфарктісін немесе тұрақсыз стенокардияға күмән тудыратын кез келген симптомдарды және клиникалық көріністерді айтады.
Жіті (жедел) коронарлы синдром патогенезі. Жіті (жедел) коронарлы синдром патогенезінде келесі факторлар басты орынды алады:
Атеросклеротикалық түйін жарылуы емесе эрозиясы;
Әртүрлі сатыдағы коронарлы артерия тромбозы;
Коронарлы артерия спазмы;
Коронарлы артерия дистальды эмболизациясы;
Қабыну;
Атеросклеротикалық түйіндердің жарылуы немесе эрозиясы оның тұрақсыздығы келесі себептермен байланысты:
Липидтік ядроның үлкен көлемі;
Коллаген зақымдалуымен, жіңішке фиброзды капсула;
Біріңғай салалы бұлшықеттер төмен тығыздығы;
Макрофагтардың жоғары концентрациясы;
Жіті (жедел) коронарлы синдром клиникалық көрінісі. Жедел коронарлы синдром ST тісшесінің төмендеуінсіз жүретін түрінде екі нозологиялық формаға бөлінеді. Олар тек симптомдардың айқын көрінуімен ғана ерекшеленеді десе де болады. Бұл екеуіне ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды және тұрақсыз стенокардия жатады. ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды дегеніміз миокардтың жедел ишемиясы. Бұл кезде ауру ауырлығы және ұзақтығы оның миокардта некроз түзілуіне әсер ете алады.
Бастапқы ЭКГ де ST тісшесінің жоғарылауы байқалмайды. Көпшілік науқастарда сонымен қатар Q тісшесі де анықталмайды. Мұндай науқастарда Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі анықталады.
ST тісшесіндегі өзгеріссіз миокард инфарктісі тұрақсыз стенокардиядан тек қанда миакард некрозының маркерлері анықталуымен (концентрациясының жоғарылауымен) ажыратылады.
Тұрақсыз стенокардия дегеніміз миокард некрозын тудыруға аурудың ауырлығы және ұзақтығы жетпейтін миокард инфарктісін айтамыз. Бұл кезде де ЭКГ де ST тісшесі жоғарылауы анықталмайды. Миокардта некроз процессі болмағандытан қанға миокард некрозының арнайы маркерлері табылмайды.
науқас шағымы Негізі көрініс ретінде науқаста 15 мин асатын ауырсыну синдромы байқалады. Стенокардияның түнгі және тыныштық уақытындағы ұстамасы дәрігерге қаралуға себеп болады.
Атипті көріністері 75 жастан асқан науқастарда, 40 жасқа дейінгі жас адамдарда, қант диабетімен ауыратындарда, әйелдерде байқалуы мүмкін. Келесі симптомдар көрінеді: Тыныштықтағы ауырсыну;
Эпигастральді аумақтағы ауырсыну;
Асқортудың жедел түрдегі бұзылысы;
Кеуде қабырғасындағы ине сұққан тәрізді ауырсыну;
Плевритке тән кеуде қуысындағы ауырсыну;
Ентігудің күшеюі, физикалық жүктемені көтере алмау;
Жедел коронарлы синдром кезінде ЭКГ жүргізу негізгі дигностикалық әдістердің бірі. Бұл кезде негізгі көрініске жататыны: ST сегментінің жылжуы және Т тісшесінің өзгеруі. ЭКГ негізінде ауырсыну ұстамасы кезінде жасаған тиімді. Коронарлы синдромды шартты диагностикасы үшін бірнеше ЭКГ динамика кезінде жасау керек.