коронарлы синдромға диагностика:
Ауырсыну синдромы жоқ болғанда ЭКГ де өзгерістер байқалмауы мүмкін.
Егер ЭКГ өзгеріс жоқ болса, ол жедел коронарлы синдромның жоқ екенін көрсетпейді.
Жедел коронарлы синдром лабараторлы диагностикасы
Қанның жалпы анализін жүргізу көрстілген. Мұнда біз лейкоциттер, лейкоцитарлы формула, эритроциттер, гемоглобин құрамы, ЭТЖ қараймыз. Сонымен қатар арнайы биохимиялық көріністерге мән беру керек, олар тропониндер, МВ-фракция креатининфосфокиназа, глюкоза.
Миокард некрозының маркерлері. Бұған жоғарыда аталғандар (тропониндер, МВ-фракция креатининфосфокиназа) жатады. Қанда тропониндер немесе МВ-КФК табылса, оларды келесі 12 сағатта ауырсыну синдромынан кейін тағы анықтау керек. Бұл миокард некрозын нақтылауға қажет.
Жедел (жіті) коронарлы синдромды емдеу
Коронарлы синдромы бар науқасты ауруханаға жансақтау бөліміне немесе интенсивті терапия бөлімін госпитализация жасау керек. Жансақтау бөлімінде жату уақыты науқас жағдайына, ЭКГ динамикасына, қан және биохимиялық көрсеткіштерге байланысты болады.
Медикаментозды емдеу
Жедел коронарлы синдромды емдеуде бірнеше топ емдік препараттарды пайдаланады.
Нитраттар;
В-адреноблокатор;
Кальций каналын тежеуші блокаторлар;
Антитромбтық, антитромбоцитарлық препараттар: ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел, абциксимаб, эптифибатид;
Антитромбиндық препараттар: гепарин, натрий төменгі мөлекулалы гепарин –энксапарин натрий, надропарин кальций, далтепарин натрий;
Подагра – пуриндік алмасу бұзылыстары салдарынан адам ағзасында зәр қышқылдарының жиналып, жедел артрит ұстамалары, кристаллиндуцирленген синовит, тіндерге ураттардың толып қалуымен сипатталатын ауру.
Подаграның пайда болу себептері:
Зәр қышқылы синтезіне әкелетін пурин метаболизміне қатысатын ферменттердің генетикалық бұзылыстары.
Генететикалық дефект саналу себебі зәр қышқылының экскрециясына жауап беретін бүйрек ферменттерінің гипофункциясы қалыптасқан Подагра дамуына әкеледі:
Пуриндік негіздерге бай тағамдармен артық тамақтану, етті тағамдар, ішімдік(сыра, шарап), , сүтті, балықты, уылдырықты, кофе, какао, шоколадты көп қолдану
бүйрек қызметінің бұзылысы, липидті алмасу бұзылысы, лейкоз
Гиподинамия
Ішімдік
Аяққа түскен жарақаттар
Хирургиялық араласулар
Кейбір дәрілік заттарды қолдану – цитостатиктер, салуретиктер, туберкулезге қарсы заттарды ұзақ уақыт қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |