Билет бронхообструкциялық синдром


Подагранның диагностикалық критериилері



бет40/61
Дата27.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#188661
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61
Байланысты:
ВОП

Подагранның диагностикалық критериилері
Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ,) 2000 ж:
Буын сұйықтығында химиялық зерттеулер мен поляризацияланған микроскопия арқылы дәлелденген кристаллоидты ураттардың болуы
Тофустар болуы (дәлелденген), құрамында химиялық және поляризациялық микроскопиямен анықталған кристалдық ураттар болуы
Төмендегі белгілердің 6 немесе 12 түрі болса:
Анамнезінде кем дегенде бір рет жедел артриттің шабуылы болса
Бірінші күні ауырғанда буынның қабынуы максимальді деңгейге жетсе
Моноартрит
Зақымдалған буын аймағында терінің гиперемиясы
Бірінші саусақ табанфалангты буынның ауырсынуы мен ісінуі
Бірінші саусақ табанфалангты буынның біржақты зақымдануы
Табан буындарының біржакты зақымдалуы
Тофустарға күдік болса
Гиперурикемия
Рентгенограммада зақымданған буынның ассиметриялық зақымдалуы
Рентгенограммада эрозияларсыз субкортикальды кисталардың болуы
Буын сұйықтығына себу жасағанда флораның болмауы
Подаграның зертханалық тексерулері
Жалпы қан анализі кезінде – жедел артрит кезінде ЭТЖ (СОЭ) аздап жоғарлайды
Биохимиялық қан анализінде – креатининді анықтау, зәр қышқылының деңгейі жоғарлайды
Синовиальді сұйықтықтықты зерттеу кезінде – нейтрофильдер мен лейкоциттердің көбеюі.
Ең маңызды диагностикалық әдіс – поляризацияланған микроскопия арқылы натрий, урат кристалдарының анықталуы.
Подагра емі
Дәрісіз ем:
Дене салмағын қалыпта сақтау
Күніне 2-3 литр сұйықтық қабылдау
Зақымдалған буын аймағына суық басу, физикалық жүктемені азайту
Диуретик дәрілер мен ацетилсалицил қышқылын қолдануды шектеу, себебі олар қан сарысуында зәр қышқылын (мочевая кислота) жоғарлатады.
Келесі тағамдарды қабылдауға болмайды:
Ішімдік пен сыраны мүлдем ішуге болмайды!
Балықты (уылдырық, майшабақ, сардины, )
Шаянтәріздес тағамдарды
Ет тағамдарын: сиыр, шошқа , қой еттерін, құс еттерін
Кейбір көкөністерді: бұршақ, саңырауқұлақ, түсті орамжапырақ, (шпинаты, спаржи)
Жедел подагралық артрит басталғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізілуі тиіс. Емді буындардағы қабыну толық кеткенге дейін жалғастыруларыңыз керек.
Диета № 6.
Подагралық ұстамалаларды басу үшін :
Стеройдты емес қабынуға қарсы заттар (НПВС-нестероидные противовоспалительные средства)
глюкокортикостероидтар (жергілікті және жүйелі) және
колхицин (Стеройдты емес қабынуға қарсы заттардың әсері болмағанда және стеройдты емес қабынуға қарсы заттарды қолдануға қарсы көрсеткіш болғанда ғана қолданады) !
Стероиды емес қабынуға қарсы заттармен (НПВС) емдеу
Подаграны емдеудің негізгі дәрілік заттары болып табылады. Қазіргі кездегі әдебиеттерге сүйенсек, келесідей препараттар қолданылады:
Диклофенак 20-50 мг күніне 4 рет
Ибупрофен 800 мг күніне 4 рет
Индометацин 25-50 мг күніне 4 рет
Кетопрофен 75 мг күніне 4 рет
Напроксен 500 мг күніне 2 рет
Нимесулид 400 мг күніне 1 рет
Колхицин қазіргі кезде басқа дәрілерге қарағанда сирек қолданылады. Өйткені, әсері баяу дамиды, жиі асқынулар болады. Әсіресе, диареямен асқынады.
Колхицинды тек қана стеройдты емес қабынуға қарсы заттардың әсері болмағанда және стеройдты емес қабынуға қарсы заттарды қолдануға қарсы көрсеткіш болғанда ғана қолданады!
Колхицинді артрит асқынуының алдын алу үшін тек 6 мг максимальді мөлшеріне жеткенге дейін күніне 0,5 мг күніне 2 рет қолданады. Яғни, максимальді қолданылуы шамамен 5-6 күн.
Колхицинды қолданудың тағы бір реті – схема бойынша.
Бірінші күні – колхицин тамақтан кейін 1 мг, күніне 3 рет.
Екінші күні – колхицин ішке 1-мг-нан 2 рет, таңертең және кешке.
Үшінші күні – колхицин ішке 1 мг. Бұл схема бойынша колхицинды қабылдау 3 күн. Ескерту! Колхицинді 6 мгнан асырып қолдануға болмайды.
Подаграны стероиды емес қабынуға қарсы заттармен (НПВС) емдеудің кері әсері аз деп көрсетіледі дәлелді медицинада.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет