Подагра дамуы (патогенезі)
Жедел подагралық қабыну басталғанда буын қуысында урат микрокристаллдары, комплемент жүйесінің белсенді компоненттері, кининдер жинала бастайды. Соның салдарынан қантамыр өткізгіштігі артып, эндотелийге нейтрофильдердің жабысуы және буын қуысына нейтрофильдер түседі. Буын қуысына нейтрофильдер түскен сәтте фагоцитоз процесі басталып, нейтрофильдер түскен жерге лизосомальды ферменттер мен цитокиндердің (ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8, ФНО-альфа) жиналады. Урат кристаллдарының бүйрек каналшаларында жиналып қалуы подагралық нефропатияға әкеледі.
Подаграның дамуының 4 сатысы бар:
Подагралық артрит
Тофустар ( жұмсақ тіндерде және шеміршектерде, сүйекте натрий кристалл ураттарының жинақталуы)
Подагралық нефропатия
Уратты тастардың түзілуімен жүретін нефролитиаз
Подагра клиникалық белгілері
Типті жедел ұстама ( 3-10 күн ) – кенет басталады, продромальды кезең болуы мүмкін (әлсіздік, субфебрилитет, бастың ауруы, артралгиялар). Ұстаманы шақырады: майлы тағам, алкоголь, суық тию, жарақат.
Бірінші бақайдағы кенеттен басталған қатты ауырсыну, ауырсыну түнде басталады, буын ұлғаяды, терісі қызады, көкшіл –қызыл түсті болуы мүмкін тері түсі, түзілген томпаюлар (тофустар) тығыз болады. Ауырсыну кезінде дене қызуы 38-39° С дейін жоғарылайды.
Подаграның негізгі белгілерінің бірі тофустар болып табылады. Тофустар дегеніміз – ураттар немесе жиналып қалған тұздар, дәнекер тіндерінен тұратын подагралық түйіндер. Орналасуы – құлақ қалқаны, білезік буыны, өкше, тізе, аяқтың бірінші бақайында , табанда, өкшеде, мұрынның шеміршегінде, қол басында -ұсақ буындар айналасында, саусақтың жұмсақ бөлігінде, бұдан басқа өкше сіңірі аймағында, синовиальді қапшықтарда кездеседі.
Тофустарға қарап аурудың мерзімі мен ауырлық дәрежесін , гиперурекемия дәрежесін анықтайды.
Орташа есеппен тофустар бірінші ұстамадан кейін 6 жылда түзіледі, кейбір науқастарда одан да ерте.
Өлшемдері әртүрлі – түйреуіш басындай, кейде кішкене алмаға дейін. Жеке тофустар бірігеді де, үлкен конгломераттар түзеді.
Жеделдеу формасында моноартрит, шамалы ауырсыну, экссудативті көріністер байқалады.
Жедел подагралық артриттің біріншілік ( ерте ) ұстамаларында моноартрит 85% байқалады. Моноартрит түнде немесе таңертең ерте кенеттен басталады. Ісіну тез ұлғайып, буын аймағындағы ауырсыну мен температураның жоғарлауы байқалады.
Псевдофлегманозды формасында – айқын қабынулық көріністері бар кез келген локализациядағы моноартрит дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |