3 Апиын тобының наркотиктерінің жіктелуі. Апиынды қабылдау жолдары
Опиатты заттарға табиғи алколоидты заттар жатады.Олар морфин ,кодеин, омнопон , пантопон; Полистимуляциялық заттар, олар героин және синтетикалық ауырсынуды басатын заттар олар промедол, фентанил, метадон жатады.
Кейбір опиатты заттарды медициналық практикада қолданылады(морфин, промедол, фентанил қолданылады)ауырсынуды басу үшін, (кодеин) жөтелді басу үшін, (имодиум) ішектердің маторикасын төмендету үшін қолданылады.Барлық опиатты заттар наркотикалық әсер көрсетпейді.
Жедел интоксикация. Беру жолы тамыр ішілік. Бірақта тері асты инъекциясы, инголяция және шегу арқылы да берілуі мүмкін. Опиаттардың наркотикалық әсері бәрінде бірдей.Олардың айырмашылығын абстинентті синдромның пайда болу ағымына және тәуелділіктің ағымына байланысты . Бірден бетінің қызаруы ,ыстық толқынның бүкіл денеден өтуін сезіну,иенемен тесу сезімі, бет терісінің қышуы байқалады.Естенулар болуы мүмкін .
Морфиннің аз мөлшерінен(5-10г) ақ , психологиялық прцестердің өзгеруі байқалады.Эйфория ,фантазия өрістейді,қабылдаудың жоғарлауы,ақыл-оймен және физикалық тұрғыда орындалатын қызметтерді жеңіл түрдегі иллюзиямен орындайды.Назарының концентрациясы , кандай да бір қажеттілікке сұраныстың төмендеуі ,қозғалыс белсенділігі төмендеуі байқалады.Өздерінің қалауымен наркомандар қобалжуын аыстыра алады.Науқас өзінің қобалжуын голлюцинаторлы жағдайда өткізеді.10-15мин.тан кейін жағымсыз сезім жойылады.Қиялшыл фантазиялар ,эйфория ,мінезіне сөйлеуіне критиканың төмендеуі болады.Бірак ол сұқбаттасуға да, және белсенді қимылға да әуестік танытпайды, жағымды күйімен жеке қалғанды ұнатады.Есі анық болады.Дозасын шектен тыс қолданған (передозировка) жағдайда сопор немес кома дамиды.Қарағанда көз қарашығы кеңеймейді және тарылмайды , қан қысымы төмендейді,бұлшықет рефлекстері төмендейді.Масаю бірнеше сағатқа созылады, әлсіздікпен ұйқышылдық ауысады.Дозасын шектен тыс қолданғанда дем алу бұзылады , дем алу параличі дамуы мумкін.
Тәуелділіксіз қолдану . Алғашқы құю наркомандардың арасында немесе солардың көмегімен жасалынады.Қолданудың бастапқы мотивациясы зерігу ,эйфория іздеу.Жастарды нашақорлыққа итермелейтін басты себептердің бірі делинквенті және қылмыстық топтар.
Нашақорлықтың сатылары. Бірінші сатысы. Нашақорлық 5-10 қайта егуден дамиды.Ол психикалық тәуелділіктен пайда болды.Егу өмірдің басты маңызына айналады.Өздері көк тамырға егулерді жасайды.Соматикалық өзгерістер айқын көрінбейді: тәбеттің төмендуі,іші кебу , көру өткірлігінің төмендеуі.Нашақорлықты күшпен егуден бас тартса, нашақорлыққа әуестік болғанын болғанын байқаймыз.Депресивті-дисфориялық көңіл-күй болады.Толеранттылықтың өсуі , 2-3ретке дейін дозлық көбеюі.Шынтақ буынында көк тамырлардың өлі еттенуі пайда болады.
Екінші сатысы.Нашақорлықты қолданғаннан бастап тәуелділікпен көрініс береді.2-3 апталарда басталып 2 айға күн сайын опиаттарды қолданғанда пайда болады.Соңғы нашақорлықты қолданғаннан соң 12-24 сағ. Кейін абстененция басталады және айқын ауырлықпен көрінеді.Психикалық комплекстердің бұзылулары сенестопатия , қозу, ұйқышылдықты кіргізеді.Сомато – вегетативті бұзылыстарға : көзден жас ағу, ринорея , гипертермия , тахикардия , қан қысымының жоғарлауы,құсу , лоқсу , іші өту, бұлшықет тырысуы, тәбеттің бояулауы кіреді.Айқын абстененсия кезінде денесінің әрбір жерінде ауырсынулар пайда болады. (ломка). Қандайда болмасын қимылдар буындарға түскенде ,денені ұстағанда ауырсынулар болдырады. Жедел абстиненсия кезінде 10-12 күннен кейін көріністер жойылады,бірақ резидуальді көріністер көпке дейін созылады.
Толеранттылықтың өсуі , айқын көрінеді(интакты организм үшін ол нақты өлімге әкелетін мөлшерге дейін болуы мүмкін.Абстиненсия болған соң толеранттылық тез арада төмендейді. Масаю көрінісі де өзгереді.Болған «кайф» жоққа шығады.Нашақорлық допинг ретінде ғана керек болады,жұмысқа қабілеттілік, тәбеттің және қарым –қатнасты болдыру үшін керек болады. Оның әсері бірнеше сағатқа ғана жетеді,сондықтан күніне бірнеше егулер жасау керек болады.
Соматикалық өзгерістер айқын көрініс береді.Науқастар өзінің жасынан үлкен болып көрінеді. Терісі құрғақ , шашы сынғыш және түсе бастайды,тісінің бұзылыстары пайда болады. Акелия болады, Аккомадация бұзылыстары , жыныстық қатынас функциясының бұзылысы .7-10 кг.ға шейін дене салмағының төмендеуі , гепатит, тромбоэмболия және ЖИТС аурулары дамуы мүмкін.Науқастың тұлғасы мен мінезі өзгереді. Науқастар өтірікші ,қызығушылық жойылады,тек наркотиктен басқа.
Науқастар наркотиктен басқа заттарға қызығушылығын жоғалтып, айналадағы дүниеге немқұрайлы қарайды және алдауды әдетке айналдырады.Ұрыс-жанжалға көпшіліктің көзіне түсетіндей аффективті реакциямен сипатталатын жылауға, өзін-өзі жарақаттауға және суицидальді әрекеттер, көрініс бере бастайды.Психологиялық бұзылыстар көбінесе ауыр күйзелістермен немесе ауыр психомоторлық қозумен байланысты болады.Морфиндік нашақорлық белгісінің бірі болып түнгі ұйқының бұзылыстарын есептеуге болады.Ұйқтаудың қиындауы , түнгі ұйқы бұзылыстары , қорқынышты түстер көру жіне басқа өзгерістер кеш батар кезінде науқасты үрейлендіреді. Психикалық өзгерістер морфиндік нашақорлық кезінде сирек кездеседі.Жоғарыда айтыған айтылған күйзелістерді жағдайлардан басқа қозғалысты қозу , қорқыныш, үрей, айқын галюциноторлық мазасыздықпен көріністен делириозды синдромды байқауға болады. Популяциямен салыстырғында нашақорлықтың өлімі 20%тен жоғары . Өлім себептеріне әдетте : передозировка , сиуцидтер, және соматикалық асқыныстар жатады.
Үшінші сатысы. Нашақорлықтың үшінші сатысы өте сирек кездеседі,, себебі. Көп жағдайда нашақорлар оған дейінгі жағдайда көз жумады, Қатты азып-тозу немесе жүдеу , апатия және астения науқастарда еңбекке қабілеттік мүлдем нашарлайды. Қызығушылық тек наркотикқа ғана сақталады, бірақ оған деген ағзаның толеранттылығы немесе төзімділігі төмендейді .Ас қабылдау және өз-өзіне қызмет көрсету үшін наркотик қабылдау керек болатындай жағдайға жетеді.Көп жағдай каллапстар орын алады.Нашақорлықтың соңғы сатылырында полиневриттік көріністер сипатталатын Корсаков типті амнестикалық синдром көруге болады.Ағымда болып жатқан жағдайды есте сақтай алмау , уақыт бірлігінде адасу,псевдореминисценция сияқты көріністер орын алады.
Емі .Нашақорлықты емдеу бірнеше сатылардан тұрады: абстиненциялық синдромды тежеу,нашаға деген тартымдылықты төмендету , психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру және жетілдіру терапия ,Көмек сұраудың алғашқы кезінен бастап емдеу процесстері стоционарда жағдайында 1,5-2 ай шамасында тұрақты , үзіліссіз жүргізілуі тиіс.
Дозасын шамадан тыс қолданған кезде дамитын сопорозды және коматозды жағдайлар мен тыныс алу бұзылыстары қабаттаса , тамыр ішіне апиидтік препараттардың антогонисті налорфин енгізеді.Брбитураттардың антоганистті –бемегридті құю сонымен қатар тыныс алу стимуляторларын қолдануға болады.Дезинтоксикация жалпы әдістермен жүргізіледі.
Абстиненті синдромды тежеу адреноблокаторлар мен тыныштандыратын препараттар көмегімен жүргізіледі: клофелин, пирроксан, нейролептиктер, (кеулептин, сонапакс , тизерцин)транквлизаторлар(диазепам, фенозепам) нормотипиктер( карбомезапин) ,ұйықтатқыш заттарды беру.
Емдеудің екінші этапы-психикалық тәуелділікті жоюға бағытталған.Ең негізгі мақсат және әдіс-психотерапияның әртүрлі әдістері.Индивидуалды және топтық методикалық қолданылады.
3 этап-Қолданушы терапия.Психотерапияның қайталамалы сеанстары, жалпы күшейтуші терапия жүзеге асырылады.
Аурудың жазылуы және емнің нәтижесі бірнеше факторға тәуелді.Науқас адамның өзіндік ниеті, емдеуге деген бет-бұрысы,емнің уақытылы басталуы, оның белсенділігі, реалибитациялық кең спектрлігі –осының бәрі өз әсерін тигізеді.
№10 билет.
1 Герпетикалы ж/е цитомегалиялыэнцефалит жіктелуі этиологиясы:
Қарапайым герпес вирусы пантеротропты вирус қатарына жатады. Ол әртурлі ағзалар мен жуйелерді зақымдаумен көрінеді: тері,нерв жуйесі,бауырды зақымдайды. Вирус ОЖЖ ға гематогенді, периневральды жол арқылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |