Рациональды психотерапия
Айқындап, түсінікті етуге бағытталған психотерапия әдісі. Оның негізгі мақсаты – науқастың өз дерті жөнінде қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту. Әрбір дәрігер науқаспен сөйлескенде оған дерт сипаты, пайда болу себептері, жүргізілетін терапия ерекшеліктері жөнінде толық түсіндіруі керек. Бұл әдіс ипохондриялық жағдайлар, күдіктенулер, фобиялар, жүйкелік соматовегетативті бұзылыстар кезінде, жүйкелік – психикалық бұзылыстармен жүретін соматикалық аурулар кезінде өте тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |