Билет. Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері


Гепатоцеребральды дистрофия (Вильсон Коновалов ауруы )



бет107/151
Дата08.02.2022
өлшемі350,35 Kb.
#131058
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   151
Байланысты:
Экзамен 2013

Гепатоцеребральды дистрофия (Вильсон Коновалов ауруы )
Созылмалы прогрессиялайтын тұқымқуалаушылық дегенеративті ауру. Жиілігі 100 000 адамга 2-3 жағдай. Церулоплазмин ферментінің синтезінің бұзылысымен, соның салдарынан мыстың тіндерде жиналып қалуымен көрінеді.
Клиникалық көрінісі: н\а бұлшықет ригидтілігімен, әр түрлі гиперкинездер, псевдобульбарлы симптомдар, интеллекттің төмендеуімен, бауыр бұзылыстарымен және қасаң қабық өзгерісімен көрінеді. Экстрапирамидалық өзгерістер: дене, аяқ қол, жұтқыншақ бұлшықеттерінің ригидтілігімен көрінеді, соның салдарынан жүрісінің бұзылысы, жұтынудың бұзылысы, сөйлеу бұзылыстарымен көрінеді. Тремор, атетоз,торсиондық дистония болады. Клиникалық формалары:
Абдоминальды формасы
Ерте аритмогиперкинетикалық формасы
Дірілді ригидті формасы
Ригидті формасы
Экстрапирамидті кортикальды формасы


Диагностика: клиникасы, қасаң қабықтық симптом Кайзер Флейшер.
Лаб.зерттеу: церулоплазмин мөлшерінің төмендеуі,гиперпротейнемия, гиперкупрурия,гипераминоацидурия,
Молекулялы генетикалық зерттеу
Емі:мақсаты ағзадағы артық мысты шығарып тастау.
Ол үшін тиол препараттарын: унитол, декаптол береміз. D пеницилламин өмір бойы. Цинк преп.қолданады мыстың сіңірілуін тоқтату үшін.
Симптоматикалық ем ретінде диазепам, нейролептиктер.
Мысқа бай тағамдарды шектеу (бауыр, шоколад, устрица)


2 Үлкен жастағы психоздар.Сенильді психоз.Клиникасының және емдеу принципінің заңдылығы.
Ағзаның қартаюы оның барлық биологиялық және психологиялық функцияларының өзгеруімен жүреді.
Эмоциональді көріністер жасқа байланысты түрлерін өзгертеді. Эмоциональді тұрақсыздық, үрей дамиды.
65 жастан жоғары адамдарда әртүрлі дәрежедегі психикалық бұзылыстар 30-35 % құрайды, оның ішіне психоздар мен ақыл кемдігі 3-5 % құрайды. Физикалық әлсіздік, соматикалық жайсыздық қандайда бір қатерлі, дауасы жоқ өлімге алып келетін аурудың бар екендігі жөнінде ой тудырады.
Психикалық бұзылыстардың айқын формалары психоз түрінде көрінеді

  • Кәрілік алды (инволюциялық меланхолия және инволюциялық параноид)

  • Кәрілік жас психоз

Инволюциялық меланхолия – жиі кездесетін психоз түріне жатады

  • Үреймен жүретін депрессия

  • Науқкастар жабырқаулы күйде

  • Үрейшіл

Меланхолиялық ступордың клиникалық көрінісі катотониялықтан ерекшеленеді

  • Бет-әлпеті қайғы-мұнды бейнелейді

  • Беттерінде іркіліп қалған мұң маскасы болады

  • Бұл кезде мутизм бақыланбайды

  • Дұрыс жауап алуға болады

  • Өзін-өзі кінәлау , өзін-өзі кемсіту сандырақ тән

  • Туысқанының өліміне өзін кінәлайды , ертерек дәрігерге көрсетпедім деп өзін кінәлі санайды

Инволюциялық параноид – бұл психоз жүйеленген сандырақ идеялар дамуымен сипатталады . Сандырақтар қарапайым өмірдегі нақты оқиғаларға қатысты және қияли , фантастикалық сипатта болмады .
Науқастар үйінде жоқ кезінде көршілері үйіне келіп , бір заттарын алып кететінін айтады . Кейде айтқандары шындыққа ұқсап , айналасындағыларын шатастырады . Сандырақтық күйзелістермен қатар галлюцинаторлы көріністер жиі байқалады . Шу , дауыстар естиді . Ипохондриялық сезімдер болады , денесінін әр бөлігінде жағымсыз сезімдердін п.б айтады. Бул кезде аффективті бузылыстар жане сандырак ойлар узак сакталады .
Сенильді психоз
Ақыл кемістігі күшейген кездегі көрінетін психоз/ы білінеді.Атрофиялық процесстер мида басым болады.Бұл кезде самайда төбеде ми мөлшері кішірейіп,нерв кл/ры өле бастайды.
Сенильді ақыл кемістігі –бұл жасқа байланысты қалыпты өзгерістер өмірінің табиғи сақталуы емес , патологияның болуы.70-75 жаста,жиі әйелдерде дамиды.
Ауру адам сараң,ұрысқақ,ұсақ-түйекшіл болады.
Естің төмендеуінің әсерінен амнезиялық шатасу болады.Ауру адам қайда екенін білмей,айналасындағылар мен жақындарын танымайды.
Психикалық қызметтің ыдырауы,күшейген кезде амнезиялық афазия болып,айналадағы заттарды танымайды,есік орнына шкафқа кіреді.
Ақыл кеміс/ң делириозды түрі-сананың бұзылуы тәрізді болады.
Ақыл кеміс/ң конфабуляторлы түрі-атеросклероз ауруы қосылып,асқынғанда дамиды.

  • Көтеріңкі күй

  • Жайбарақаттық

  • Тез қимыл

  • Тынымсыз әбіргершілік



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет