Депрессивті, депрессивті-параноидты синдромдар өкпенің ауыр ағымды ауруларында қатерлі ісікте галлюцинаторлы синдроммен бірге жүреді.
Жүрек патологиясы бар науқастар арасында психоздар жиі миокард инфарктісі кезінде кездеседі. Оған үрей, өлімнен қорқу сезімімен жүретін аффективті бұзылыстар, қозғалыстық қозу элементтері, вегетативті және цереброваскулярлы бұзылыстар кіреді.
Емі. Науқастарға, әсіресе жедел психоз жағдайындағы науқастарғатәулік бойы қатаң медициналық бақылауды қамтамасыз ету керек. Астениялық және психоорганикалық синдромдарда массивті жалпы қуаттандырушы терапия, витаминдер және ноотроптар тағайындалады. Ұйқы бұзылыстары кезінде транквилизаторлар беріледі.
3 Ми тамырлары ауруларындағы психикалық бұзылыстар( гипертониялық ауру, церебральды атеросклероз)