Билет. Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері


Шүғыл қабыну нейропатиясы (Гийен-Барре синдромы



бет58/151
Дата08.02.2022
өлшемі350,35 Kb.
#131058
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   151
Байланысты:
Экзамен 2013
Тесты по хирургии
Шүғыл қабыну нейропатиясы
(Гийен-Барре синдромы

Шұғыл қабыну полинейропатиясы-аяқ-қолда кенет немесе созылыңқы түрде пайда болатын,әлсіздікпен сипатталатын инфекциялы-аллергиялық ауру.Оның дамуына клеткалы-иммундық реакцияларға қосымша тканьді бүлініске ұшырататын аутоиммундық үрдіс маңызды роль атқарады.Аурудың пайда болуына фильтрацияланған вирус әсер етуі мүмкін.
Клиникасы.Ауру жалпы дімкәстік,әлсіздік,субфебрильді температура,бұлшықеттер ауырсынуы,бас ауыруымен шұғыл басталады да соңынан бірнеше күн ішінде парездер мен салданулар білінеді.Қайталана өтетін және ұзақтығы 4 айдан бінеше жылға дейінгі полирадикулоневриттің созылмалы түрі болуы да ықтимал.
Алғашқы неврологиялық белгілері бұлшық еттер мен нерв бағаны бойы ауырсынулары және қол-аяқ ұштарындағы парестезиялар арқылы білінеді.
Қимыл бұзылыстарына қол мен аяқтың төменгі немесе жоғарғы бөліктерінде басым білінетін босаң парездер немесе салданулар, әлсіреген бұлшық еттер тонусының төмендеп, семіп қалуы, сіңір рефлекстерінің көмескіленуі немесе жойылуы, бұлшық еттер мен нервтердің электрлік тітіркенісінің өзгеруі тән
Сонымен қатар диабеттік, жүктілік, алкогольдік, мышьяктік амилоидоз және порфириялық, дәнекер тін аурулары кезіндегі полиневропатиялар бар.
Емі.Альфалиполи қышқылы(тиогамма, тиоктацид,берлитион, эсполидон). В тобының витаминдері. Демиелинизацияланған полиневропатияны емдеу үшін медикаменттерден тыс патологиялық аутоиммунды механизмді тежеу үшін иммуноглобулин енгіземіз және плазмафарез қолданылады.


2 Соматикалық аурулардағы психикалық бұзылыстар. Клиникасы, дәрігер тактикасы
Әртүрлі соматикалық аурулардағы басты психопатологиялық симптомокомплекс астениялық синдром болып табылады. Бұл синдром тез шаршаумен, тітіркенгіштікпен және айқын вегетативті бұзылыстармен сипатталады. Кейде астениялық синдромға фобиялық, иппохондриялық, истериялық, апатиялық синдромдар қосылады. Жиі науқастарда кардио немесе канцерофобиялық синдром байқалады. Жүрек-өкпе патологиясы бар науқастарда гипоксия жағдайында наркоздан кейін эйфория байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет