Бірінші сегізкөз түбіршегі қысылғанда ауырсыну аяқтың барлық бойында басым білінеді,ал табанда ,сирақтың артында сезімділік білінбейді.Сонымен қатар өкше рефлексінің жойлуы мен аяқ ұшының салбырап қалуы байқалады.
Екінші сегізкөз түбіршегі қысылуына байланысты сан мен сирақтың артқы іш жағында ауырсыну айқын білінеді,және сирақ қиын жазылып бүгіледі.
Түбіршіктік синдром.Артқы бойлық байламаның орта тұсы омыртқа жотасының мойын бөлігінде,бел бөлігіне қарағанда әлсіздеу.Сондықтан дискінің жарықшасы қырындай артқа қарай шығып кетуі мүмкін.