Бірінші бел түбіршегінің қысылуы-шап аймағында ауырсыну мен сезімділік білінбеуі,кремастерлік рефлекстің көмескіленуі немесе жойылуы ,ал екінші бел түбіршегінің қысылуы санның алдыңғы жоғарғы үштен бір мен іш жағында сезімділік білінбеуі,тізе рефлексінің төмендеуі немесе жойылуы және алға қарай еңкею мүмкіндігінің қиындауы арқылы сипатталады.
Үшініші бел түбіршегі қысылғанда санның алдыңғы сырт жағынан таралатын омыртқа жотасының бел тұсында ауырсыну ,осы аймақ пен сирақтың іш жағының жоғарғы үштен бірінде гипестезия,тізе рефлексінің көмескіленуі және еңкею қиындығы пайда болады.