Өткінші ишемиялық ұстамалар-көбінесе атеросклероз,артериялық гипертония немесе олардың қабаттасуы кезінде байқалады.Патологиялық –анатомиялық өзгерістер магистралдық қан тамырларының атеросклерозы мен ми тканіндегі аздаған ишемиялық инфарктер, кейде микроэмболиялар арқылы білінеді.
Клиникалық сипатында –қан тамырларында қан ағымының кемуіне байланысты ошақтық неврологиялық симптомдар басым болады.Ішкі ұйқы артериясы қанмен қамтитын аймақта болатын өткінші немесе аяқтағы тұрақсыз парездер мен сезімдіктің бұзылғандығы арқылы білінеді.Вертебралды-базиллярлық жүйе арқылы қанмен қамтамасыз етілетін субтенториялық кеңістік пен жарты шарлардың артқы бөліктеріне орналасқан құрылымдарда болатын өткінші ишемиялық ұстамаларға синкопалдық жағдай бас айналу,тепе-теңдік бұзылу,атаксия,нистагм,кейде диплопия,гомонимдік гемиапсия тән.Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары көбінесе омыртқа мен негізгі артериялар жүйесінде,сирегірек ұйқы артериялары жүйесінде байқалады.Ұстамалар өту мерзіміне қарай ми қан айналысы бұзылымдарының ауырлық дәрежесі үшке бөлінеді:
-10 минуттан кейін қалпына келетін жеңіл бұзылымдар
-10 минуттан бастап,кейде бірнеше сағатқа созылатын,бірақ 24 сағат ішінде тегіс қалпына келетін орташа бұзылымдар.
-жеңіл –желпі ошақтық симптомдар түрінде 24 сағат өткенде сақталатын ауыр бұзылымдар.
Емдеу:5-10 күндей тыныштық жағдай болу керек .Аурудың пайда болу себептеріне қарсы және патогендік ем ретінде эуфиллин,стугерон,инстенон,қажет жағдайда гипотензивтік дәрілер тағайындалады.
2 Кемақылдылық (олигофрения)- әр түрлі дәрежедегі ақыл кемдігі. Кемақылдылық құрсақ ішінде , босану кезінде, бала туылғаннан кейін оның дамуының бастапқы сатысында мидың патологиялық үрдіспен зақымдалуының нәтижесі. Егер ақыл әлсіздігіне интелект қалыпты деңгейден төмендеген болса, кемақылдылықта – интелект ешқашан ересек адамның деңгейіне жетпейді. Кемақылдылықтың бірнеше дәрежесін ажыратамыз: идиотия, имбецильділік, дебильділік. Идиотия кезінде науқаста сөйлеу қабілеті болмайды, дағдылар игерілмейді, бала өзін өзі күте алмайды, қоршаған адамдардан өзінің жақындарын эмоциональды түрде айыра алмайды, оқыту мүмкін емес. Имбецильділікте әдеттегі мектептерде оқу қабілеті болмайды, тек арнаулы мектептерде оқу мүмкін, сөздері жиі түсініксіз , ойлауы нақты.
Дебильділік кезінде адамдар кейде аяқталмаған орта немесе толық орта білім алады, бірақ қиындықпен оқиды, оларға түсініктерді біріктіру қиын, абстрактылы қызмет мүмкін емес, материалды жаттанды оқуды қажет етеді
№16 билет.
1 Жеке жүйкелердің,жүйке түбіршіктері және тармақтарының зақымдауы.Жіктелуі,этиологиясы,эптдемиологиясы,клиникасы,диагностика,емі.
Шеткі нерв жүйесі зақымдануының этиологиялық факторлары ішінде аномалиялар деформациялайтын спондилоз,остеохондроз,жарақаттар және инфекциялар әсерінен омыртқа жотасында болатын өзгерістерге ерекше мән беріледі.
Аса айқын білінетін остеохондрозға байланысты пайда болатын түбіршектік синдромдар омыртқа өзегіне бағытталған омыртқааралық дискінің жарықшақтанып томпаюымен қосарланады.Клиникалық көрінісі негізінен сезімділік ,рефлексті қимыл және вегативті –трофикалық бұзылыстар арқылы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |