III мойын түбіршігі қысылғанда ауырсыну синдромы мойын тұсында білінеді,тіл домбығып,ауыздағы тамақтыжұту үшін қозғалту қиындайды,ал IV мойын түбіршігінің қысылуына байланысты ауырсыну иық аймағының жоғрғы жағында байқалады және мойынның артқы бұлшық еттері семіп қалады.Жүрек маңының ауыруы,іш кебуі,ықылық тию пайда болады.
V мойын түбіршігінің қысылуына ауырсынудың мойын аймағынан иық үсті мен иыққа таралуы,иық сыртындағы гипестезия,дельта тәрізді бұлшық еттің парезі мен семуі тән.
VI мойын түбіршігінің қысылуы иық үстінен иық пен білектің сыртымен -1-2 саусақтарға тарайтын ауырсыну және осы аймақтардағы гипестезия түрінде байқалады.
Патологиялық үрдіс VII мойын түбіршегін қамтыған ауырсыну мен гипестезия иықтпен білектің сыртқы және артқы жақтары арқылы 3 саусаққа дейін тарайды.VI –VII Эрб үсті нүктелерінің басқанда ауырсынуы,үш басты бұлшық еттің семуі.
С7-Тh1 дискінің жарықшақтанып ауытқуынан болатын VIII мойын түбіршегінің қысылуына байланысты ауырсыну иық,білек және қол ұшының ішкі жағында байқалып,IV және V саусаққа тарайды.
2 Құмарлық бұзылысының түрлері
Әуестік бұзылысы сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сандық бұзылысы күшеюмен немесе әлсіреумен, сапалық бұзылысы-бұрмаланумен көрініс береді.
Барлық әуестіктің күшеюі (гипербулия) маниакальды және гипоманиакальды жағдайға тән: науқас мешкей,сексуальды, әйелдер кербез болады. Науқастар кез-келген жұмысқа тез кірісіп кетеді, кейде бірнеше жұмысты бірден бастайды, бірақ зейін тұрақсыздығына байланысты жұмысты аяқтамайды, кеңпейіл болады, жыныстық қатынасқа таңдаусыз түседі. Мидың органикалық зақымдануларында булимия-семіздікке әкелетін тәбеттің патологиялық күшеюі, полидипсия-басылмайтын шөл, гиперсексуалдылық-жыныстық инстинкттің күшеюі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |