"Былғары шикізаттары және жартылай фабрикаттардың экспертизасы" таңдау компонентінің


-лекция Күлсіздендіру және жұмсарту



бет14/20
Дата08.11.2019
өлшемі0,61 Mb.
#51448
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
былғары экспертиза


20-лекция Күлсіздендіру және жұмсарту
Жартылай фабрикат күлдеуден кейін (жарғақ) жоғары сілтілікке ие болады. Оған кальций гидроксидінің жарғақпен химиялық байланысқан және капилярлы сіңген мөлшері мен натрий сульфиді себепші болады.

Келесі үрдістерді жақсы жүргізу үшін жарғақты күлден арылту керек, яғни артық сілтілікті бейтараптап, оның ісінгендігін жою қажет. Жарғақты жүннен арылту үшін былғары өндірісі практикасында көбінесе аммоний тұздарын қолданады, әдетте аммоний сульфатын, сонымен қатар басқа да реагенттерді қолдануға болады (органикалық және минералды қышқылдар, натрийдің гидросульфит және гидросульфаты т.б.).



Аммоний сульфатын күлден арылтуға қолдану, бұл қосылыстың гидролиз үрдісі кезінде бейтараптауға әсерін тигізетін, күкірт қышқылының түзілуіне негізделген.

Сонымен қатар, түзілетін аммоний гидроксиді жарғақтың ісінуін туғызбайды және жұмсақтығын сақтайды, кейіннен аммоний гидроксиді оңай ұшып кетеді. Бұл жүйе теңдікте болғандықтан күкірт қышқылы сілтілерді бейтараптауға қанша кетсе, сонша түзіледі, сөйтіп үрдіс автоматты түрде реттеледі.



Жарғақтың құрылысындағы кальций гидроксидін аммоний сульфатымен бейтараптауды схема түрінде былай көрсетуге болады.





Әдетте, аммоний сульфатын қиын еритін гипс түзілуін болдырмау үшін артық мөлшерде алады. Жұмсарту үрдісі тәртіп бойынша күлден арылтумен бірге жүргізіледі және онымен тығыз байланысқан.

Жұмсарту жүннен арылған жарғақты қысқа уақытта ферментті препараттармен өңдеу арқылы жүргізіледі. Осының нәтижесінде жарғақтың беткі қабаты және былғары жұмсақтыққа, созымдылыққа және тегістікке ие болады. Сонымен қатар, ақуыздың шірік қалдықтарын (гнейст) және колаген өнімдерінің ыдырау заттары келтіріледі. Ферментті препараттар ретінде ірі қара малдың асқазан асты бездерінен алынған протеолитикалық ферменттер (мысалы панкреатин) және микробтан шыққан препараттар қолданылады. Күлден арылтуды бақылаудың негізгісі - жарғақты тіліктерінің рН-ын тексеру. Күлден арылғаннан кейінгі жарғақ бейтарапқа жақын болуы керек. Практика жүзінде үрдістің соңын фенолфталейн көмегімен анықтайды (0,1% спирттегі ертіндісі). Әдетте кесінділерді жарғақтың сауыр жағынан алады. Ауыр шикізаттардан алынған жартылай фабрикат үшін тіліктің ортасы барлық қалдықтың 30% дейін сынақ кезінде фенолфталейнмен қызыл түске боялуы керек. Бұл кезде терінің қалың жағы толық күлден арылуы керек, яғни тіліктің барлық қалыңдығы түссіз болуы керек.

Майда шикізаттардан тұратын жартылай фабрикаттар үшін тілік толық түссіз, яғни толық күлден арылған болуы керек. Ферментті препараттардың шығыны олардың белсенділігіне байланысты, препараттың белсенділігі қаншалықты жоғары болса, оның шығыны соншалықты аз болады және керісінше. Сондықтан өндіріс әдістемелерінде ферментті препараттардың концентрациясы оның белсенділігіне байланысты берілген. Айта кететін жағдай, Жұмсартқыштың концентрациясы мен белсенділігінің арасында тікелей байланыс жоқ. Жұмсарту ұқыпты түрде бақылануы керек, әсіресе оның ұзақтығы және босансытқыш сұйықтықтың белсенділігіне айрықша көңіл аудару керек. Жұмсартқыш сұйықтықтың өте жоғары белсенділігі былғарының бос және ақаулы болуына әкеліп соғады.

Жұмсарту үрдісінде жартылай фабрикаттарды бақылау органолептикалық түрде жүргізіледі. Жұмсартудан кейін жарғақтың беткі қабаты біркелкі және тайғанақ болуы керек, ал бетті саусақпен басқанда із қалуы керек. Майда жартылай фабрикаттар үшін жұмсарту үрдісінің аяқталғандығын "желқабық" сынауы арқылы тексереді, яғни ауа өткізгіштігіне байланысты жарғақты қап ретінде бүктеп, содан соң ауа жібермей қысады. Дұрыс жұмсарған жарғақтың бетінен ауа көпіршіктері шығуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет