Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 27 мин (15%)
Ауызша сұрау, үлестірмені кеспе қағаз түрінде қолдану
Жұқпалы аурулар диагностикасының маңызды тәсілдерін
Жұқпалы аурулары бар науқастардың емін, күтімін
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 54 мин (30%)
Іш сүзегі, А және В паратифтерінің этиологиясын, инфекция көзін
Берілу механизмдері
Патогенез, алдын алу шаралары
Емдеу, арнайы профилактика
Іш сүзегі, А және В паратифтерінің эпид.ерекшеліктері
Ақпараттық-дидактикалық блок
Іш сүзегі – интоксикация, бактериемиямен, бауыр және көкбауырдың ұлғаюымен, ащы ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен жүретін жедел жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Іш сүзегінің қоздырғышы Sallmonella tyрhi.Іш сүзегі қоздырғышы екі негізгі антигендік кешеннен: соматикалық О-антиген, талшықтық Н-антиген және О-антигенге қосымша Vi- антигеннен тұрады.
Эпидемилогиясы. Инфекция көзі адам және бактерия тасымалдаушы. Берілу механизмі фекалды-оралды, таралу жолы тағам, су және тұрмыстық қарым- қатынас арқылы. Берілу жолын құрайтын факторлар: су, жеміс-жидектер, көкөніс, сүт және сүт тағамдары, ет пен еттен жасалған тағамдар, ыдыс-аяқ, шыбын, тұрмыс құралдары. Маусымдылығы жаз-күз айлары.
Патогенезі. Аурудың даму механизмі кезектесіп келетін кезеңдерден құралады: 1) қоздырғыштың ену қақпасы ауыз қуысы, одан ащы ішектің лимфа фолликулаларында қабыну туғызып мезентериалды лимфа түйіндерінде көбейіп 1-2 аптаға созылатын біріншілік аймақтық инфекция; 2) бактериемия мен токсинемия, паренхиматозды ағзалардың дистрофиялық өзгеріске ұшырауы (аурудың 1-ші аптасы); 3) ОЖЖ, ішкі ағзалардың, қоздырғыш диссеминациясынан зақымдалуы, сүзектік гранулеманың дамуы, тері тамырларының зақымдануы, экзантеманың пайда болуы (өршу кезеңі, 2-3 апта); 4) иммундық – аллергиялық процестердің дамуы,олардың ұсақ тамырлар эндотелиін зақымдауы, тромбтар түзілуі, ішек қабырғасының некрозы, ішек жарасының пайда болуы (өршу, 2-3 апта); 5) процестің кері дамуы.
Клиникасы. Іш сүзегі кезінде инкубациялық кезең орташа – 10-14 күн, 3 күнге қысқаруы мүмкін және 50 күнге ұзаруы мүмкін.
Ауру бірте-бірте басталып, клиникалық көріністер бәсең пайда болады. 8-9-шы күндері ауру үдейді. Негізгі белгілердің бірі – қызба, қызба толқын тәрізді, бұрыс типті, тұрақты және ремитерлеуші. Қазіргі күндері, антибиотиктермен емдеген жағдайда қызба ұзақтығы 18-15 күннен аспайды. Қызба генезі – пирогенді протейіннің гипоталамусқа (терморегуляция орталығы орналасқан орын) әсер етеді.
Интоксикация аурудың бірінші күндерінен бастап дамиды: бастың ауруы, әлсіздік, апатия, ұйқысыздық (сүзектік статус).
Бөртпе аурудың 8-10-шы күндері пайда болып, кейде 3 аптаға дейін сақталуы мүмкін.
Тіл ісінген, жабындымен жабылған, бүйірлерінде тістердің ізі қалған. Аңқасы қызарған. Іші кебеді (вздутие). Падалка симптомы оң (оң жақ мықын аумақта перкуссиялық дыбыстың қысқаруы). Аурудың 4-5 күндері көк бауыр үлкейеді, 5-7 күндері бауыры үлкейеді.Үлкен дәрет «бұршақ көже» тәрізді. Гемограммада –лейкопения, лимфоцитоз, анэозинофилия, формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарлайды.
Іш сүзегінің арнайы асқынуларына ішек перфорациясы, ішектен қан кету және ИТШ, арнайы емес асқынуларына остеомиелит, менингит, пневмотиф және т.б. жатады.
Күтім ерекшеліктері. Іш сүзегін емдеудегі ең маңызды роль дұрыс күтімде болады. Барлық қызба кезеңінде және дене қызуының қалыптасуының 6-7 күніне дейін науқас қатаң төсектік режимде болуы қажет. Дене қызуының қалыптасуының 7-8 күнінде науқасқа отыруға, ал 10-11 күндері жүруге рұқсат беріледі. Осы ұзақ уақыт аралығында науқастың тері беткейіне және кілегей қабаттарына аса көңіл бөлу керек, өйткені бұл кезде стоматит және қажалулар дамуына қолайлы жағдай. Тері беткейлерін жылы сумен өңдеп, науқасты қозғалуға рұқсат бермей, мейірбике төсегін ауыстыруға көмек көрсету қажет. Күніне бірнеше рет ауыз қуысын тазалап тұру керек (науқастың өзі немесе мейірбикенің көмегімен). Мұндай іш сүзегімен ауырған науқастарда іш кебу болғандықтан, олардың нәжісін тексеріп тұру қажет және мұндай жағдайларда науқасқа босаңсыту препараттарын тағайындауға рұқсат берілмейді. Нәжісі кідірген жағдайда аздаған тазарту клизмасын дәрігердің рұқсатымен жасауға немесе газ шығару түтікшесін қоюға болады. Медбике науқастың әрбір дәретке шығуын бақылап, нәжіс сипатын қарау қажет (құрамында қанның болуына).
Науқасқа қараушы медбике асқынулардың белгісін байқаған жағдайда сол уақытта хабарлауы керек.
Іш сүзегімен ауырған науқастардың күтімінде санитарлы-гигиеналық ережелерге көңіл бөліп сақтау қажет.
Емі.
1. Режим ( қатал төсектік).
2. Диета № 4а стол.
3. Этиотропты ем – антибиотиктер (левомицетин 0,5 г күніне 4 рет , ампициллин 0,5 г-нан күніне 4-6 рет, ципрофлоксацин 0,5 г-нан күніне 2 рет)
4. Патогенетикалық ем. Дезинтоксикациялық емді кристаллоидты сұйықтықтарды тағайындай отырып жүзеге асырамыз ( 5% глюкоза, полиионды ерітінділер) және коллоидты ерітінділер (гемодез, реополиглюкин, альбумин).
5. Витаминді терапия. В тобындағы витаминдер. Және де антигистаминдер мен эубиотиктер бірге тағайындалуы қажет.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 63 мин (35%)
Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру
11. Жаңа тақырыпты бекіту – 18 мин (10%)
12. Сабақты қорытындылау – 3,6 мин (2%)
13. Үйге тапсырма беру – 3,6 мин (2%)
4 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Шигеллез. Эшерихиоз. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
2.Сағат саны: 4 с. 200 мин. (100%)
3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: шигеллез, эшерихиоз этиологиясын, эпидемиологиясын, патогенезін, клиникасын, емін, алдын алуын үйрету
тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу
дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандықтарының қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. Инфекционные болезни. Учебник для медучилищ. Антонов ТВ. - СПб.,
Специалист, 2000.
2. Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Антонов ТВ., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. -М., 2011.-300 с.
3. Инфекционные болезни с сестринским уходом. Муратбекова С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н. - Кокшетау, 2010.
Қосымша (Қ)
1. Атлас инфекционных заболеваний. Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд
Х.А.К. / пер. с англ. под ред. В.В. Малеева, Д.В. Усенко. - М., 2010. - 480 с.
2. Муратбекова С.К., Сергалиева Н.С. «Жұқпалы аурулардағы мейірбикелік
күтім». – Көкшетау, 2009.
3. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»
Рубашкина Л.А. - Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |