Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.. - Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс..
- Критериалды бағалау қағидалары
- Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес, әркімнің жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау.
- Бағалау «жоспарлау-оқыту-бағалау» үдерісінің ажырамас бөлігі.
- Бағалаушы мен бағаланушы бағалау шарттары мен критерийлерін алдын ала білуі және айқын түсінуі керек.
- Даму мен жетістіктер туралы нақты ақпарат алу үшін бағалау шарттары мен критерийлері алуан түрлі болуы керек.
- Бағалау үдерісінің басты кезеңі бағалаушы мен бағаланушы арасындағы кері байланыс болып табылады.
- Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек
- Өз қабілеттерін бағалауда оқушыға нақты ролдік үлгі керек.
- 1. Критериалды бағалау оқыту мақсаттарына негізделуі керек және оқыту үдерісінде мұғалім оқушылар назарын үнемі аударып отыруы керек.
- 2. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктеріне бағыттала отырып, оқуды мақсатты, бағалауды ашық етеді.
- 3. Критериалды бағалау оқушыларға түсінікті болуы креек.
- 4. Критериалды бағалау барысында үштен артық емес критерий қолданылуы керек.
- 5. Бағалау критерийлері тексеру жұмыстарын орындаудан бұрын хабарлануы, түсіндірілуі керек.
- 6. Бағалау критерийлері мүмкіндігінше, оқушылармен бірге дайындалуы, жасалуы керек.
- Критериалды бағалау талаптары
- Критериалды бағалау маңызы
- Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы
- Оқушылардың өздері емес, тек жұмыстары бағаланады;
- Оқушы жұмысы оларға алдына ала белгілі дұрыс жасалған жұмыс үлгімен салыстырылады;
- Оқушыларға белгілі, сол арқылы қиналмай есептеу жасай алатын және ата-анасына хабарлай алатын, баға шығарудың нақты алгоритмі бар;
- Бағалау критерийлері оқу мақсаттарының нақты көрсеткіштері болғандықтан, не оқып игерілсе, тек сол ғана бағаланады
- Критериалды бағалау пайдасы
- Мұғалім үшін
- Оқытудың сапалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін бағалау критерийлерін жасауға;
- Өз жұмысын талдау мен жоспарлау үшін жедел ақпарат алуға;
- Оқытудың сапасын жақсартуға;
- Әр оқушының жеке ерекшеліктері негізінде жеке оқу траекториясын құруға;
- Бағалаудың әр түрлі құралдары мен амалдарын тиімді қолдануға;
- Оқу бағдарламасы мазмұнын жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар жасауға.
- Бағалау функциялары:
- Мотивациялық
- Тәрбиелік
- Дамытушылық
- Түзетушілік
- Ақпараттық
- Бағалау қағидалары
- Әділдігі
- Шынайылығы
- Жүйелілігі
- Көрнекілігі
- Критерий – (гректің kriterion – пікір айту құралы деген сөзінен шыққан) соның негізінде баға берілетін белгі, бір нәрсені анықтау немесе бағалау, пікір беру өлшемі …
- Критериалды бағалау жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |