Біліктілікті жетілдіру –шығармашылық жұмыстың негізі


Модуль №1. Дүниетану (2 сынып)



бет6/11
Дата04.05.2020
өлшемі124 Kb.
#65724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Д.Ж.Кушукбаева баяндама

Модуль №1. Дүниетану (2 сынып)

Су және оның қасиеті (6 сағат)



Модуль бөлімі

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1 сабақ

  1. Модульдің құрылымдық мақсатымен таныстыру

  2. Суреттер,сызбалар қолдана отырып,жаңа сабақты түсіндіру

  3. Дәптермен жұмыс

  4. қорытындылау

5 мин.
25 мин.
10 мин.

5 мин.


Сөйлесу бөлімі

2сабақ

Тақырыпты меңгерту сабағы

  1. «Қарлы-кесек» оқыта үйрету ойыны

  2. Үйге тапсырма

40 мин.


5мин.




3 сабақ

Тақырыпты дамыту сабағы

  1. «Өзара оқыту» сабағы

  2. Қорытынды

  3. Үйге тапсырма

35 мин.


5 мин.

5 мин.


4 сабақ

Тақырыпты пысықтау

  1. «Сиқырылы сандықша»оқыта үйрету ойыны

  2. Жеке топтық жұмыс(деңгейлік тапсырма)

  3. Үйге тапсырма

20 мин.
20 мин.


5 мин.

5 сабақ

Тақырыпты қорыту,бекіту сабағы

  1. Ұйымдастыру

  2. «Баяндама»оқыта үйрету ойыны

  3. Қорытынды

5 мин.


35 мин.

5 мин.


Қорытынды бөлім

6 сабақ

Сынақ сабағы

  1. Тындалым (мәтін немесе бейнефильм)

  2. Оқылым (мәтін немесе сызба түрлері)

  3. Сөйлесу (диалог құру)

  4. Жазылым (тест сұрақтары)

  5. Қорытынды

5 мин.
5 мин.


5 мин.

27 мин.


3 мин.

Білімділік мақсаты:

Су және судың қасиеті, судың адам үшін маңызы, суда ерімейтін заттардың ерекшелігі, табиғаттағы маңызы, сақтау жолдары



Дамытушылық мақсаты:

Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын дамыта отырып, айналаны ластаудан қорғауға және оны ұтымды пайдалануға баулу



Тәрбиелік мақсаты:

Табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру



Нені білу керек:

  1. Судың бүкіл тірі организм үшін құндылығын білу

  2. Судың табиғатқа пайдасы

  3. Суға деген қастерлі көзқарас тудыру

Нені меңгеру керек:

  1. Тақырыпқа сәйкес айналадағы судың өзгерісіне бақылау жасауды

  2. Оның тірі табиғат пен шаруашылыққа тигізетін әсерін оқып үйрену


1-ші сабақ

Кіріспе бөлім

Тақырыптары:

) Су.

Б) Судың қасиеті.



В) Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар.

Г) Судың маңызы.




  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Модульдің құрылымы мен таныстыру

Сабақтың мақсатын айқындау, тірек сызбалар, суреттер көмегімен ақырыпты баяндау

Судың маңызы

  1. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес

  2. Су тазалық пен денсаулықтың көзі

  1. Өзен, көл табиғаттың көркі

  2. Су қатынас жолы

  3. Суды ластаудан сақтау,үнемдеу әр адамның міндеті

  4. Оқулық және дәптермен жұмыс

  5. Сабақты қорытындылау

  6. Үйге тапсырма

2-ші сабақ Тақырыпты меңгерту сабағы“Қарлы кесек » оқыта үйрету ойыны

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Сабақтың мақсатын айқындап “Қарлы кесек” оқыта үйрету ойынының жұмыс барысымен таныстыру

Тәбиелілік мақсаты

Жеке және топпен жұмыс жасауға, оз ойларын ашық айтуға, ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға, аз уақытта көп ақпарат алуға үйрету.



Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың талым-дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу.

Ойынның шарты: Қатысушылар саны -25

Оқушылар 5 топқа 5 оқушыдан бөлінеді,әр үстел А,Б,В,Г,Д әріптерңмен белгіленеді. Әр үстелде А1,А2,А3,А4,А5 т.б. ойыншылары отырады.Әр топқа мұғалім белгілі тапсырма береді. Дайындыққа берілген уақыт аяқталған соң, 1ші тур жарияланады.Оқушылар орындарынан тұрып әр қайсысы өздерінің бағыттаушы парағы бойынша жаңа орынға отырады.

Бұл жерде әр үстелден жиналған 5 оқушы 5 түрлі тапсырмасын А әріпі бар орындаушыдан бастап түсіндіреді. Барлығын түсіндіріп болған соң , әр оқушы өз бағыттау парағындағы “Ең үздік сөйлеуші” жолына жазып алады. Осылай бес тур жалғасады. Барлық тур аяқталған соң парақты жинап алып, ортақ бағалау парағына түсіндіру арқылы жүргізіледі. Ортақ парақ бойынша екі жақсы ойыншы және ең жақсы ойыншы команда анықталады.

Құрал жабдығы:

-бағыттаушы парақтар

-қатысушылардың нөмірі жазылған жетон

-үтелді белгілеуге арналған сілтемелер

-жалпы бағалау парағы



Үстелдердің орналасу реті






Бағыттау парағының үлгісі

А-1 бағыттау парағы

Тур үстел Ең жақсы сойлеген айтушы номірі


  1. Д

  2. А

  3. В

  4. В

  5. Б

Ортақ бағалау жоспары:

-1 -2 -3 -4 -5 топтың ортақ ұпайы

“А”

“Б”


“В”

“Г”


“Д”
Тапсырмалар:

А тобының тапсырмалары 1.Асан судың қандай қалпын анықтады?

2.Судың молдірлігін қалай анықтауға болады?

Б тобының тапсырмалары 1.Судың қасиеті

2.Су жөнінде мәтіннен түсінінетінді толық баянда

В тобының тапсырмалары 1. Су-еріткіш

2. Суда еритін және ерімейтін заттар

Г тобының тапсырмалары 1.Суда еритін және ерімейтін заттардың суға

араластырғандағы ерекшелігін айт

2. Судың мөлдірлігін қалай дәлелдеуге болады?

Д тобының тапсырмалары 1. Судың маңызы

2.Суды ластаудан сақтау жолдары



Cабақты қорыту

Үйге тапсырма

Сөйлеу бөлімі

3-ші сабақ Тақырыпты дамыту сабағы «Өзара оқыту» ойыны

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сабақтың мақсатын айқындап, “Өзара оқыту” сабағының жұмыс барысымен таныстыру.

  3. Ойынның мақсаты: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту, ойлау қабілеттерін дамыта отырып,білім, білік дағдыларын қалыптастыру

  4. Ойынның шарты: Жұмыс жұпқа бөлініп жүргізіледі.

1.Әр бір оқушы тапсырма алады: “Судың қасиеті»,» Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар”тақырыбы боынша.

2.Тақырыбындағы негізгі ұғымды бөліп атап, жоспар-конспект жасайды. 3.Жұптардың әр мүшесінде өз тапсырмалары бар. Дайындалған соң оқушы конспетісін пайдалана отырып, өзінің меңгергенін серігіне айтып береді.(Екі нұсқада)



Бірінші нұсқа “Судың қасиеті” тақырыбы боынша.

Екінші нұсқа ”Су -еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар”тақырыбы боынша.

1-і “мұғалім” ретінде түсіндіреді.

2-і “оқушы” ретінде тыңдайды. Одан соң рөлдері ауысады.

4. Тапсырмалар, тақырыптар тақтаға жазылады.



1-ші тапсырма

Судың қасиетін сарамандық жұмыс арқылы көрсет.



2-ші тапсырма

Су- еріткіш, суда еритін ерімейтін заттар туралы өз ойыңды парақ бетіне түсір.



3-ші тапсыма

“Сулы жер-нулы жер” мақалын түсіндір.



4-ші тапсырма

Судың маңызы жайлы әңгімеле



Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

4-ші сабақ Тақырыпты пысықтау сабағы “Сиқырлы сандықша” оқыта үйрету ойыны

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Сабақтың мақсатын айқындап “Сиқырлы сандықша” ойынының жұмыс барысымен танысу

Мақсаты:Ойын арқылы білімдерін пысықтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Мұғалім үлестірме материалдарын даярлайды.

5 балдық , 4 балдық және 1 балдық көрсетілген карточкалар.

“Сиқырлы сандықша” сұрақтармен толтырылады, олардың саны оқушылар санынан артық болады. Сұрақтарда алдында өтілген тақырып қамтылуы, бірнеше тақырыпты, әртүрлі талдау тақырыбын қамтуы мүмкін.

Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, 1-5 балдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады.

Ойынды аяқтай келе, мұғалім әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәйкес І, ІІ, ІІІ орындарды анықтайды.

Сұрақтары


  1. Судың тірі организмге әсері.

  2. Судың мөлдірлігін қалай анықтауға болады?

  3. Судың бүкіл қасиеттерін талда.

  4. Судың буға айналатынын дәлелде.

  5. Су – бу – мұз. Осы үшеуін байланыстырып әңгімеле.

  6. Күнделікті өмірден судың қасиеті жайында байқағаныңды айт.

Жауаптары:

  1. Сусыз өмір жоқ. Өмір көзі – су.

  2. Тәжірибе арқылы анықтауға болады. (Сүт пен су арқылы)

  3. Су – мөлдір,түссіз,иіссіз пішінсіз аққыш, жабысқақ, жұққыш.

  4. Жайылған киім қайнаған су туралы айту.

  5. Су ағады, себебі ол сұйық, су буға айналады, мұз болып қатады.

  6. Су мөлдір, түссіз, иіссіз ,аққыш, жабысқақ, жұққыш, пішіні жоқ.

Деңгейлік тапсырмалар.

Мақсаты: Оқушылардың өз деңгейлері бойынша танымдық, білімдік дағдыларын бақылау.

Шарты: Оқушылар өз даярлық деңгейлеріне қарай тапсырмалар таңдайды. Әр оқушының алдында барлық үш деңгейлі тапсырмалар жатады. Жауап бергеннен кейін, бағалары бағалау парағына қойылады.

ІІІ деңгей

  1. Судың түсі жайында әңгімеле.

  2. Судың буға айналуын дәлелде.

  3. Самаурындағы шай қайнағанда азаяды, неге?

Жауаптары: 1. Судың түсі мөлдір, түссіз, иіссіз, пішінсіз.

2.Суды кез келген ыдысқа құйсаң, ол ағады, су жұғады, бірақ ол жоғалып кетеді, яғни ол буға айналады

3.Самаурындағы шай қайнағанда су буға айналып, біртіндеп жоқ болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет