Бұл технология - білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті
Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулi – оқу ақпаратының бiршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi, әдiстемелiк нұсқаулар, шамамен алғандағы iс-әрекеттер негiзi, оқу қызметiн атқару жетiстiгiн бақылау (өзiн-өзi бақылау) құралдары енедi
Мақсаты: оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу
Міндеті:
Ерекшеліктері:
Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;
Сыныпта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;
Мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);
Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;
Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;
Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы т.б.) жүргізу.
Нәтижесінде: мұғалім бағыттаушы, оқушы өз жұмыстарына қорытынды шығаратын белсенді тұлға ретінде қалыптасады. Осының дәлелі ретінде өз тәжірибемнен «Модулдік оқыту» технологиясы бойынша семинарда өткізген ашық сабақ жоспарымды ұсынып отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: |