І деңгей
Картадан көкжиек тұстарын анықта.
Судың қасиетін тәжірибе түрінде дәлелде.
Су туралы мақал – мәтел, нақыл сөздер, жұмбақтар құрастыр (өз қалауыңша).
ІІІ. Үйге тапсырма 42-45 бет оқу.
5-ші сабақ. Тақырыпты қорыту, бекіту сабағы “Баяндама” оқыта үйрету ойыны
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын айқындап, “Баяндама” оқыту үйрету сабағының жұмыс барысымен таныстыру.
Ойынның мақсаты: Ойлау, рухани бай тілде сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, шығармашылыққа баулу.
Ойынның шарты:
1 кезең Оқушыларға бір мәтінді оқуды, соңынан оның мазмұнын сурет, белгі, сызба түрінде береміз. Бұл “шпоргалканы” оқушы өз жағындағы көршісіне береді.
2 кезең. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша “Баяндама” жасайды. “Баяндама” мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушы «Жеңімпаз» болады.
Оқушыларға берілетін сұрақтар:
Судың мөлдірлігін суретте.
Судың бүкіл қасиеттерін талдап жаз.
Көктемде мұз бұзылады. Сел жүреді, неге? Осыны өз байқағаныңмен сызба түрінде көрсет.
Су – еріткіш екенін сипатта.
Суда еритін және ерімейтін заттар жайлы өз ойыңды жаз.
ІV. Сабақты қорытындылау
V. Үйге тапсырма. Сарамандық жұмыс.
Мақсаты: Судың маңызына, қасиеті жөніндегі білімдерін тәжірибе арқылы көз жеткізу
Шарты: Екі стақанға біреуіне сүт, екіншісіне су құйып, ішіне түрлі түсті қағаз барыру, судың мөлдірлігін дәлелдеу.
6-шы сабақ. Сынақ сабағы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын айқындап “сынақ” сабағының жұмыс барысымен таныстару.
Сынақтың мақсаты: Модуль бойынша алған білімдерін пысықтау, тиянақтау, қорытыдылау, бекіту.
Сынақ шарты: Тыңдапым, оқылым,сөйлесім, жазылым, тест сұрақтары бойынша жұмыс істеп,білімдерін шоғырландыру. Бұл жұмыс түріне барлық оқушылар қатысады,білімдері сараланады.
Тыңдалым.
“Су” мәтінін оқып, өздеріңнің ойларыңның түйінін тыңдау (ол магнитофон және т.б. оқылады).
Оқылым.
Плакаттардағы сөздерді оқып мәтінін құру, бір-бірінің мәтінін оқу.
Сөйлесім.
-тақырыпқа байланысты әр оқушыға диолог құрату.
-су не үшін қажет деп ойлайсың?
-су болмаса, өмір болмайды
-қандай нақыл сөздер білесің?
-«Су атасы сүлеймен» т.б.
Жазылым.
Тест сұрақтары
Мақсаты: Алған білімдерінің нітижесін бақылау
Шарты: Тестер міндетті бағдарламалық курс негізінде құрылады. Тестің бірнеше нұсқасы берілуі қажет. Берген жауаптарына қарап бағалары сараланады.
1-нұсқа Жауаптары:
І. Таңдаулы тест.
1.1. “Бір ұрыттам су болса ғой” – деп армандаған кім? .Б)
а) Үсен
б) Асан
г) Қасен
1.2. Атасы мақтап сөйлегенде не дейтін еді? . А)
а) судай мөлдір
б) сүттей ақ
г) мөлдір таза
д) сүттеп ақ, судан таза
Достарыңызбен бөлісу: |