8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
«Дене шынықтыру» пәнінде жалпы оқу үдерісінің тілі ретінде қозғалыс коммуникативтік дағдыларды дамытуға және жақсартуға елеулі үлес қосады. Оқушылар қозғалыс қызметі арқылы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды және осының арқасында олар когнитивтік түсінік пен тілдік дағдыларды дамытуға негіз болатын тұжырымдамалар қалыптастырады.
Білім бағдарламасының мақсаттарының бірі тұлғаны әлеуметтендіру болып табылады, яғни түрлі қоғамдастықтарда тиімді қарым-қатынас жасай алатын азаматтарды дамыту. Осы мақсатпен оқушылар өз ойын сенімді білдіре алатын және түрлі формада қарым-қатынас жасауға ынталандырылатын және бағаланатын ынталандырушы және қолдаушы орта құра отырып, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту қажет.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін сабақ беру мен оқыту міндеттері мен үдерістерінің мысалдарына төмендегілер кіреді:
• Тәжірибелік тілмен еске түсіру үшін қозғалыс жадын пайдалана отырып, оқушыларға коммуникацияның барынша айқын қатысушылары болуға көмектесетін қозғалыс белсенділігінің тұжырымдамаларын тереңдету және жетілдіру;
• Теориялық және тәжірибелік қызмет арқылы пәндік терминологияны білу және түсіну;
• Әр түрлі бірлескен және жарыс түріндегі дене жаттығуларын орындау барысында әдістер мен тактикаларды білу және қолдану;
• Орындаушы, қатысушы, көшбасшы, төреші, бақылаушы сияқты түрлі рөлдердің қатысуын талап ететін қозғалыс қызметіне қатысу;
• Оқушылар белгілі жауапкершілік көтеретін жағдайларда нұсқаулық тілін пайдалану, мысалы, жетекшілік міндеттер;
• Түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттерінде төрешілер алқасының (арбитрлардың, төрешілердің) ережелері мен мағыналарын білу;
• Тәжірибелік амалдарды, әдістерді және процестерді сипаттау, талдау және талқылау қабілеті;
• Қозғалыс әрекетін қағазға жазу формаларын әзірлеу және пайдалану мүмкіндіктері. Қозғалыс қызметін жазу, бақылау, сипаттау және талдау процесін жеңілдету үшін камералар мен компьютерлерді қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |