Компьютердi игеруi:
1 C бухгалтерия, Microsoft Office, Enternet Explorer
Жеке қасиеттері:
ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады.
Қосымша ақпараттар:
Көлік жүргізуші
Халықаралық бухгалтерлер конгрессінің қатысушысы
Құштарлығы:
Тілдер үйрену
Кітап оқу
саяхат жасау
Өзіңіздің өмірбаяныңызды жазыңыз;
Өмірбаян
Мен, Елшібек Айдана Маратқызы, 2001 жылы, 13 ақпанда Қызылорда обылысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Қызылорда, Жалағаш ауданындағы №32 мектеп-лицейін 2016 жылы бітірдім.
2016 жылы М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық жоғары колледжінің 1 курсына оқуға түстім.
Ата-анам бар; әкем — Әміртаев Марат Елшібекұлы қызметкер болып жұмыс істейді. Анам — Әнуарбекова Қамар Жылқыбайқызы, балабақшада аспазшы болып жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.
Қазір осы жоғары оқу орнының 4-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.
Мекен жайым: Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылы, Мектеп көшесі, 7/2 үй. тел.8707-911-6365.
Кестені толтырыңыз
Еңбек кітапшасы не үшін қажет?
|
Аталмыш жазбалар жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу т.б. туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Қызметкердің еңбек жолын куәландыратын құжаттар еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек шарты, еңбегі туралы анықтамалық, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері болып табылады. Бұл құжаттар жұмыскердің еңбек стажын неғұрлым нақты да айқын көрсетуі тиіс. Жалпы еңбек стажы жұмыскерді келешек зейнеткерлік қамтамасыз ету үшін қажет.
|
Еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда не істеуге болады?
|
Мұрағат қорларында революцияға дейінгі кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтитын миллиондаған құжаттар сақталады (сонымен бірге жойылған кәсіпорындардың құжаттары), сондықтан 100% болмаса да ақпаратты табу мүмкіндігі жеткілікті түрде зор деп айтуға болады. Іздеу нәтижесін мұрағаттар мұрағаттық анықтама түрінде береді. Мұрағаттық анықтаманы алу қызметіне мемлекеттік мұрағатқа тапсырыс беру үшін төмендегі іс-шараларды орындау қажет:
- өзінің толық төлқұжаттық мәліметтерін ұсыну керек (жеке куәлігі немесе төлқұжаттың көшірмесін ұсынсын немесе мұрағаттың мекенжайына e-mail арқылы төлқұжаттың скан-көшірмесін жіберсін);
- сұранысқа қатысты құжаттар (еңбек кітапшасы, диплом) бар болған жағдайда олардың көшірмесін (ксерокс немесе скан-көшірмесін) ұсыну;
- толық және нақты қандай ақпаратты, кім туралы және қандай кезең үшін мұрағаттан алғыңыз келеді.
Біздің мұрағат - Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына және басқа да мұрағаттық мекемелерге сұрау салуға болатын тақырыптар:
- еңбек өтілін растау, оның ішінде ауыр және зиянды жұмыс жағдайда;
- оқу туралы;
- белгілі бір кезең үшін еңбек ақы туралы;
- кәсіпорындардың барлық қызмет кезеңі барысында атын өзгерту туралы;
- жергілікті атқару органдарының әр түрлі мәселелер бойынша қабылдаған шешімдері туралы, атап айтқанда, жер телімдерін бөлу, тұрғын үй беру;
- орден және медальмен марапаттау туралы;
- азаматтық жағдай актілерінің жазбасын қалпына келтіру бойынша (ҚЗТҚО -1871-1937 жж. кезең ) және т.б.
|
Еңбек кітапшасына қандай жазбалар түсіріледі?
|
Еңбек кітапшасына мынадай мәліметтер енеді:
— қызметкердің өзі туралы мәліметтер: фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы мен датасы, білімі, кәсібі, мамандығы;
— атқарған жұмыстары туралы мәліметтер: жұмысқа қабылданған уақыты, жеке еңбек шартының мерзімі, жеке еңбек шартының тоқтатылуы немесе бұзылуы;
— еңбектегі табыстары үшін ордендермен, медальдармен және ұйымның, кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібі ережелерінде қарастырылған ынталандыру сыйлықтарымен, ақшалай сыйлықтармен, жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан жасалған нормативтік актілерге сәйкес өзге де ынталандырулармен марапатталуы. Қызметкердің еңбек кітапшасына өзге жұмыс беруші шығарған бұйрықтар көшірмелері негізінде оның атқарған қосымша жұмыстары, лауазымдық қызметтері туралы жазбалар ендіріледі.
|
Еңбек кітапшасы қандай құжатқа (бұйрыққа, заңға) негізделіп жасалады?
|
Еңбек кітапшаларымен жұмыс жүргізу және оған тиісті жазбаларды енгізу тәртібі Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 929 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12621 болып тіркелді) негізделуі тиіс.
|
Өзіңіз армандаған жұмысқа тұру үшін мекеме басшысы Сізден эссе жазуды талап етті. «Мен – кәсіби маманмын!» деген тақырыпта (100 сөзден кем емес) ой толғау жазыңыз.
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Міне,
Осындайда «Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.
Ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін. Бұл менің ұзақ жылдар ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.
Достарыңызбен бөлісу: |