Білім беру бағдарламасы -6В01303-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 6В01202- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


Студенттің лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері



бет7/23
Дата03.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#108256
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word
Бабаев С. Педагогика оқулығы, УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word
Студенттің лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар










1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Белсенділік, Сыни ойлау және басқа критерийлер

70

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100



Студенттің практикалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Белсенділік

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Тапсырмалар орындау

60

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100


Студенттің БОӨЖ бағалау критерийлері :



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысуы

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект,

Эссе,


Жеке таныстырылым,

Топтық жоба, және т.б.



80

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100



VI. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Жұмыстардың барлық түрлерін көрсетілген мерзімде орындап, қорғау қажет. Кезекті тапсырманы орындамаған немесе одан 50% баллдан кем алған білім алушылар көрсетілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыра алады.

Зертханалық сабақтарға дәлелді себептермен қатыспаған білім алушылар оқытушы рұқсат еткеннен кейін, лаборанттың қатысуымен қосымша уақыт ішінде өтейді.

Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.

Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Аралық және шептік бақылаулар, midterm және қорытынды емтихан өткізу кезінде сыбырлап айтып жіберуге, көшіріп жазуға және шпаргалкалар пайдалануға, басқа біреулер шығарған есептерді көшіріп алуға, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаудан, интернетке рұқсатсыз кіруден, шпаргалкаларды пайдаланудан әшкереленген білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмыстарды орындау (БӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалардың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың цифрлық эквиваленті

%-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24




«Педагогика және оқыту әдстемесі» кафедрасының меңгерушісі





М.Н.Қойшыбаев

Пән оқытушысы




А.Д.Оразымбетова


Дәрістік сабақ конспектілері (тезис)

Дәріс 1. Тақырыбы:Конструктивті оқытудың мәні.




1.1. Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық алғышарттары.

1.2. Мұғалім ұстанымы.


1.3. Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім.

Кембридж  университетінің жобасы бойынша бағдарламада жеті модуль берілген. Осы жеті модулде қарастырылған идеялар сабақта жекеленген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланыста болады. Бұл бағдарламаны оқи отырсаң, оқушымен тікелей жұмыс істеудегі іс- әрекетті үйретеді.  Алғашқы  күндері   бәрімізге  беймәлім  сияқты  көрінген    жоба, күн  сайын    ұстаздар  арасында  өзіндік  қолдауын  тауып  келеді. Міне,  «Бетпе-бет»  кезеңінің  1-ші  кезеңін аяқтап, осы   үйренгенімізді    мектепте  өз  іс-тәжірибемізде   байқаудан   өткіздік. Әріптестер  арасына  келгенде біз  нені үйренгенімізді олармен  ынтымақтастықпен  жүзеге  асыруға  тырыстық.  Ие,  әркімнің   санасында   өткен  күндер  бізге  не берді,   алдағы  күндерден  не  күтемін  деген  ойлар  мазалары  сөзсіз. Міне, біз  осының  барлығына  сыни  көзқараспен  қарауды  үйрендік. Біздің   басты  көңілге  түйгеніміз-сабақты  оқушының қызығушылығын  оятатындай  етіп  ұйымдастыру. Яғни, сабақ  үстінде  оқушының  рөлін  көтеру  көзделіп   отырады, білімді  дайын  күйде  алмай, өзі  ізденіп  табуды  үйренеді.  Мұғалім  тек  оларға  бағыт  -бағдар  беріп, оқыту  барысын  ұйымдастырады.Оқушылардың  білімді  өзі  алуына  итермелейді.

Сабақтар  барысында  көптеген  сауалды  ойлар  да  туындағаны   жасырын  емес. Ауыл  мектебінде  осы  жобаны  жүзеге  асыруда  көптеген  қиындықтар  кездесті. Оның  бір себебі, ақпарат  көздерінің  қолжетімсіздігі, кітапханадағы  кітап  қорларының  аздығы, интернет желісінің дұрыс істемеуі.

Дегенмен, әр  ұстаздың  шеберлігі, шығармашылық  ізденісі  бұл  тығырықтан  шығуына  да   қол  жеткізеді екен. Біздің  мақсатымыз-өзімізде  бар   бұрынғы  педагогикалық  құндылықтарымызды, жаңамен  толықтыра  отырып,   жаңа  белестерге  көтерілу. Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай:  «Экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет»

Сонымен  бірге,  курста  алған  «Оқытуда   кездесетін  кедергілер, оны жою  жолдары»,  «Мұғалім  мен  оқушы   қарым-қатынасы»,  «Білім беру  үшін  бағалау  және  оқуды бағалау», «Сыныптағы   оқушылар  үшін  оқу  үдерісін  жақсарту  жолдары», «Сыни  тұрғыдан  ойлау  стратегиялары», «Көшбасшылық» және  тағы  басқа   тақырыптағы   алған  білімдеріміз-келешек  жұмысымыздың   басты   көмекшісі  болды  десек  артық  айтпаған болар  едік.Ұлыларымыздың  бірі    Ж.Аймауытов «Сабақ  беру-үйреншікті  жай  шеберлік  емес,ол-үнемі  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»-деп  айтқандай, үйренген   жаңалығымызды  қолдана  білуіміз –ол  әр  ұстаздың өз  еншісінде.

Дәстүрлі  оқытуда   мұғалім  оқушыға  дайын, дұрыс  ақпар  береміз.  Ал  оқушы  сол  ақпаратты  қабылдап    отырады. Енді  жүзеге  асырып жатқан  технологияларымызда  оқушының  қызметі  көптеген  тұлғалық  қызметтеріне қарай бағаланады (ойдың  дамуы, тіл  мәдениеті, сабаққа деген ынталылығы, өз  ісіне  жауапкершілігі, дербестігі,т.б)  Әрбір  оқушының  дамуы  басқа  оқушымен  емес,  өзімен  салыстырылады,  оқушыға     өз  сыныптасын, өзін-өзі  бағалауға  мүмкіндік  беріледі.



Кез-келген  ұстаз  алдымен  сабақ  жоспарын  құрарда  өздері  сабақ  беретін  сыныптардағы оқу  бағдарламасына сәйкес   білім  беру  мен    білім  алудағы әдіс-тәсілдерді таңдайды, яғни түрлі интерактивті оқыту  формаларын  қарастырады. Сабақтың  оқушыны  жалықтыратындай бір сарынды  болып кетпеуі  үшін  шағын  топтар   жұмыстарын, жұптық жұмыс,  жарыстарын,  тренингтер саяхат сабақтар  ұйымдастыруы керек.   Мұндай  әрекетте  жұмыссыз  отыратын  оқушы  аз  болады, тіпті  болмайды  да. Өз  тобындағы  балалармен  қарым-қатынасқа  түсе  отырып, өзіндік  пікірі  қалыптасады, даму  динамикасы жетіледі, құрдастарымен  ынтымақтастыққа, бірлесіп  жұмыс  істеуге  үйренеді. Сыни тұрғыдан  ойлау технологиясы бойынша  алдымен «ой қозғау» стратегиясы жүзеге асады. Оқушының зейінін сабақтың негізгі идеясын табуға  ұйымдастыруды шешетін  бұл стратегияның  дұрыс  қойыла  берілуі – ұстаз  еңбегінің шеберлігін көрсетеді. Немесе «миға шабуыл» деп жүрген  бұл тәсіл сабақтың кіріспе  бөліміне  сәйкес келеді. Көп жағдайда оны мұғалім мен оқушы  арасындағы қолданылатын диалог түрінде  көреміз. Сабақтағы оқушының келесі  іс-әрекетке көшуіне дұрыс қойылған  сұрақтар өте  ықпал етеді. СТО  технологиясының  «кубизм», «сен-маған, мен-саған», «сұқ-саусақ» стратегиялары арқылы оқушылардың сұрақтар қойып, оған мағыналы жауаптар қайтаруына жол ашамыз. Бір қарағанда, ойын түрінде  көрінген бұл әдістер жалпы оқушының  сөйлеу мәдениетін , өзіндік ой-пікірлерінің қалыптасып, өзін-өзі, бірін-бірі оқытуына белсенді  ықпал етті. Сабақтардағы топтық жұмыстарда  балалардың қызығушылығының, пәнге деген ынтасының  артқанын  сабақ соңында смаиликтер арқылы, басқа да сұрақ-жауап әдістері  арқылы байқадым. Жалпы, алғанда  сұрақ – ол  білімді тексеру құралы емес, тереңдету құралы екенін  ойға түйдім.  Пәннің ерекшелігін, сыныптың жағдайына,  оқушылардың білім  деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне,  оқу материалдарының  жоспарына қарай  іс-әрекеттер  ұйымдастыруды жоспарладым. Қайталау, жинақтау сабақтары болғандықтан, оқушылардың өзін бағалай білуіне ықпал ететін «Семантикалық карта» бойынша  жұмыстарды орындаттым.  Топтық, жұптық, сыныптық жұмыс ретінде өткілген  тақырыптарға ассоциация құру, сызбалар сызу, Венн диаграммасын салу сияқты тапсырмаларды  оқушылар қызыға  орындады.  Тапсырмаларды орындау   барысында міндеттерді  шешуге, игерілген білімін, іскерлік дағдыларын жұмылдырады, басқалармен  өзін салыстыру арқылы өзін-өзі  реттей білуге  машықтанады, белсенділік  ұстанымының  пайда болуына жәрдемдеседі. Бұдан әр оқушының  дербестілігі, яғни  ынталықпен, бастамашылықпен кейбір мәселелерді үлкендердің (мұғалімдердің) көмегінсіз шешудің  жолдарын ісдестірумен  тікелей  байланыстылығы  шығады. Оқушы өзінің  мүмкіндіктерін түсінуі, оның іс-әрекетті орындаудағы дербестігіне  тәуелді деп есептеймін. Талданып отырған  сұраққа , мәселеге , есепке белсенді  пікір білдіру,  жолдастарының жауабын толықтыруға  бағытталған ұмтылыс,  қателіктерді жөндеу- осының бәрі белсенділік пен дербестіктің  айқын көрсеткіші. Осыдан топ ішінде  пікірі құнды, алға ұмтылған, көшбасшы ретінде жан-жақты жетілген, озық ойлы оқушының дараланып шығары сөзсіз. Мысалы, математика  сабағында есептерді шешудің басқа, оңай жолдарын іздестіреді немесе  табылған  шешімді есептің нақты шешімі ме, әлде басқа  да  шешімдері болуы мүмкін бе?- деген сұрақтар төңірегінде  зерттеу жүргізуі мүмкін. Бұдан оқушының  дарындылығы қалыптасуына  жол ашылады деп ойлаймын.

Бұрынғы қалыптасқан әдет немесе іс- тәжірибеге байланысты көптеген мұғалімдер, ата- аналар, оқушылар бағалауды оқыту және білім беруден кейінгі болатын нәрсе  ретінде түсінеді. Бағалау білім беру мен оқытудың тығыз байланыста  болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді.

Оқыту үшін бағалау дегенді былай түсіндім. Яғни, білім алып отырған оқушы, білім беруші мұғалім,  өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын білсе, сол бойынша қажетті деңгейге жету үшін тырысу керек, іздену керек,соның нәтижесі бойынша   жұмыс істейді. Бұл үшін мұғалім бағалаушы қызметін жалғыз атқармайды.Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға үйренсе, өз білімін арттыра алады.Сонымен қатар мұғалім мен оқушылар арасындағы түсінушілікті, қызығушылықты, ықыласпен әрекет ету үшін, оқушыларға өзінің оқуын жақсартуы үшін, кері байланысты да қолдану қажет.

Ал оқытуды бағалаудың мақсаты, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау. Бұл кезде жекеленген оқушының  немесе бір жас мөлшеріндегі оқушылардың жетістіктерінің деңгейін салыстырмалы түрде қорытынды жасауы, мониторинг, есеп беру үшін қолайлы Қорыта келе, бұл білім берудегі барлық тәсілдермен байланысты. Оқушылардың әр нәрсеге өзіндік түсініктері қалыптасқан болса, онда оңайға түседі. Бұл баланың бойында жан- жақтылықты қалыптастырады.

Критериалды бағалау жүйесін пайдалану арқылы, оқушының белсенділігі артып, өз сыныптастары арасында ерекшеленуге ықпал етеді.

Оқушы нақты қиындық тудырған сұрақтарды біледі және оны жоюдың жолдарын іздестіреді.



Дәріс 2.Тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2.1.Адамдардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы заманауи жетістіктер.


2.2. Адамдардың қалай оқитынын түсіну: теориялық талдау.

Бұл тарауда адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой-пікірлер ұсынылған. Бірінші бөлімде жаңа теориялық әзірлемелер қарастырылып, екінші бөлімде зерттеу нәтижелері түрлі тәсілдер арқылы оқыту тәжірибесімен байланыстыра қарастырылған, бұл мұғалімдерге соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін өз қажеттілігіне пайдалануға мүмкіндік береді.

Оқу дегеніміз не?

Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес түрін анықтауға мүмкіндік берді:

1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады (негізгі міндет – «көп білу»).

2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.

3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.

4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.

5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі – әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.

1-3-тұжырымдамалар оқушыға қатысты оқуды сыртқы фактор ретінде қарастырады. Бұл сыныпта болып жататын немесе мұғалімдердің оқушыларға қатысты жүзеге асыратын іс-әрекет болуы мүмкін.

Тізімде көрсетілген 4 және 5-тұжырымдамалардың қол жеткізген нәтиженің бастапқы үш сана- тынан сапалық айырмашылығын атап көрсету маңызды. 4 және 5-тұжырымдамалар анағұрлым күрделі, жаңа түсіндірмелерге негізделген және бұл ретте оқу деген ұғымның аясы оқушының ақпаратты қабылдау мен сақтауынан әлдеқайда кең. Бұл тұжырымдамалар оқудың «ішкі» немесе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған. Оқу оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады. Бұндай заманауи көзқарас Үшінші деңгей бағдарламасында іске асырылатын оқытудың жаңа тәсілдерінің негізін қалайды.

Оқу – кешенді үдеріс. Бірнеше минут мына мәселелер төңірегінде ойланып көріңіз.

Сіз нені үйренгеніңіз жөнінде мұқият ойланыңыз: бұл білім, білік, тәжірибелік дағды немесе қағидат болуы мүмкін.

1. Сіз бұны қалай білдіңіз (қалай үйрендіңіз)?

– Сіз не істедіңіз? Немесе: қандай жағдай орын алды?

2. Бұған тағы кімдер және қалай үлес қосты?

3. Оқу нәтижесінде қандай өзгерістер туралы білдіңіз?

– Оның Сіз үшін мәні қандай болды?

4. Сіз үшін алынған білім нәтижесі қандай болды?

5. Сіздің бұны үйренгеніңізді өзгелер неден байқайды? Олар үшін жетістіктің көрінісі қандай болмақ?

Бұл жаттығу оқудың өте күрделі және жеке үдеріс екенін көрсетеді. Бұдан түйетін ой – бұл саладан бейхабар адамдарға өзгелердің қалай білім алатынын нақты білу ауыр екені. Алай- да оқу үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлау үдерісін, есте сақтау және қабылдауын бақылау барысында зерттелген. Соңғы уақыттағы зерттеулер жеке тұлғаны тұтастай қарастыра отырып, субъектілер өздерін оқушы ретінде қалай сезінетінін және оқу үдерісінде бір-бірімен өзара қандай қарым-қатынаста болатынын зерделеді. Қорытындысында, соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен ұстанымдарының кешенді үйлесімі ретінде анықталған.

Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»

Оқу үдерісі туралы біздің жалпы түсінігімізге қарамастан, біз қалай білім алатынымызды толық түсінеміз деп айта алмаймыз. Бірақ психология саласындағы арнайы әдебиетте осы ны- санды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтар, ынталандырушы, аффекттік теоретиктер және когнитивті психологтар. Осы зерттеуші топтарды бейнелеу үшін

«тауға көтерілу» аналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақын арада мидың оқуды қалай бақылайтынын түсіну мақсатында инвазивті емес әдістерді қолданатын нейроғылым өкілдері тобы қосылған деген болжам жасауға болады (2-сурет). Біз ғылыми қордың мұраларын қарастырып, әрбір экспедиция ұсынған, оқыту тәжірибесінде пайдалы бола алатын заманауи идеялармен танысамыз.

Адамдардың қалай оқитынын түсіну



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет