Білім беру бағдарламасы -6В01303-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 6В01202- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет1/23
Дата03.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#108256
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ» ИНСТИТУТ

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәннің аталуы – Модуль 09 «Конструктивті оқыту әдістемесі»

Білім беру бағдарламасы -6В01303-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

6В01202-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Шифр атауы

Қызылорда 2020

Оқу-әдістемелік кешен «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша білім беру бағдарламалары негізінде жасалынды.Оқу кешенін дайындаған А.Д.Оразымбетова педагогика магистрі, аға оқытушы.

Оқу-әдістемелік кешен «Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде қаралды және талқыланды.
Хаттама № ___ ''____'' ___________ 20 ___ ж.
Кафедра меңгерушісі: Қойшыбаев М.Н.
Оқу-әдістемелік кешен гуманитарлық-педагогикалық бағыт бойынша Академиялық кеңес мәжілісінде қаралып, бекітілді. Хаттама № «___»___________ 20 жыл.
Комитет төрайымы: Жайлауова М.К.

Оқу-әдістемелік кешен

Пәннің аты: Конструктивті оқыту әдістемесі

Пәннің коды:КОА 3301

Кредит саны: 5

Курстың оқытушысы: Оразымбетова А.Д.

Кафедраның орналасқан жері: Төле би 36А,ғимарат 7, 410 кабинет

Кафедраның телефоны:

Кафедрада кеңес беру уақыты: сейсенбі,бейсенбі

Курстың пререквезиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Психология», «Өзін-өзі тану» т.б.

Курстың постреквизиттері: «Этнопедагогика», «Инклюзивті білім беру», арнайы пәндерді оқыту әдістемесі.

Курс мазмұнына қысқаша түсініктеме:



Кембридж бағдарламасы негізінде мектептегі оқу үдерісін құрудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, қазіргі кездегі педагогика ғылымының даму бағыттары айтылады. Төмендегі 7 модуль негізінде:

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: «диалогты оқыту» және «қалай оқыту керектігін үйрету» (дербес білім алу)

  • Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

  • Оқу үшін бағалау және оқудағы бағалау.

  • Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технлогияларды (АКТ) пайдалану.

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  • Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Осы модульдерді игеріп, өз тәжірибесінде тиімді қолдануды игереді.

Нақты пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы:



  • Студенттер болашақ ұстаз, оқытушы ретінде оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешу барысында білімдерді қолдануды;

  • Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, іскер,жан-жақты мәдениетті тұлға болу;

  • Белгілі позицияны-көзқарасты ұстау және оның дұрыстығына сенімді болу;

  • Бәсекеге қабілетті тұлға бола отырып,өзіндік сана сезімін,өзіндік кәсіби құндылықтарын қалыптастыру мақсатында үздіксіз іздену;

  • Қоғам талаптарына сай білімдер қорын жинақтау және оны тәжірибеде қолдануға бейімделу;

  • Кәсіби қызығушылық таныта отырып,білімдерін үздіксіз жетілдіру.

Курстың мақсаты: Қазіргі жаңа оқыту технологияларының енгізілуі, ізденістер мен тәжірибе жинақтау және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген тәсілді, болашақ маманға игерту, студенттердің болашақ педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастыра білуді меңгерту. Тұлғаның педагогикалық үдерістегі өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.

Курстың міндеттері:

-болашақ мамандарды педагогиканың әдіснамалық негіздерімен таныстыру;

-студенттердің әдістемелік тұрғыдан жетілуіне, когнитивті дамуына әсерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсету;

-студенттердің дамуын жетілдіруге арналған авторлық сабақ үлгісін жасау студенттерде тұтас педагогикалық процесс жөнінде педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыру.

-менеджер қызметінің нысаны ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару қабілет-дағдыларын қалыптастыру.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қоркыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Гуманитарлық-педагогикалық институты

Педагогика және оқыту әдістемесі кафедрасы








«Бекітемін» Гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры

___________________С.Т.Тайман






« ____»_____________ 2020ж.

СИЛЛАБУС


(жұмыс оқу бағдарламасы)
Модуль

KOA 3301 «КОНСТРУКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»





Мамандығы

6В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Курс, семестр (күзгі немесе көктемгі)

3 курс, 6 семестр

Оқыту тілі

Қазақ

Пәннің мәртебесі (міндетті, таңдау бойынша)

ЖОО компоненті


Кредит саны

5

Сағаттардың жалпы саны

лекциялар

практикалық

БОӨЖ


БӨЖ

150

15

30



15

90


Лектор


Оразымбетова Анар Дауылбаевна

педагогика магистрі, аға оқытушы

Orazymbetova_anar@mail.ru


Практика, зертханалық сабақты беретін оқытушы

Оразымбетова Анар Дауылбаевна

педагогика магистрі, аға оқытушы

Orazymbetova_anar@mail.ru


Аудитория, зертханалық кабинет:сабақ кестесі бойынша

Офис-сағаттары күнделікті 9.00-18.00


Қызылорда, 2020 жыл

Жұмыс бағдарламасы жұмыс берушімен келісілген және педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша білім беру бағдарламасы негізінде жасалынған.

Жұмыс бағдарламасын дайындаған: Оразымбетова А.Д., педагогика магистрі

Жұмыс бағдарламасы «Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде қаралды және талқыланды. Хаттама № « » 20 жыл.

Кафедра меңгерушісі: Қойшыбаев М.Н.

(аты-жөні, дәрежесі)


Жұмыс бағдарламасы Гуманитарлық-педагогикалық бағыт бойынша академиялық кеңес мәжілісінде қаралып, бекітілді. Хаттама № «___»___________ 20 жыл.

Кеңес төрайымы: Жайлауова М.К.

Пәннің мақсаты мен міндеттері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет