Білім беру бағдарламасы -6В01303-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 6В01202- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


ГЛОССАРИЙ Курс бойынша глосарий (түсініктеме)



бет15/23
Дата03.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#108256
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word

ГЛОССАРИЙ

Курс бойынша глосарий (түсініктеме)

Әлеуметтік білім алушы– субъект бақылау немесе басқа адамдармен бірге әрекет ету барысында өз еркінен тыс білім алатын оқыту түрі. Bersin & Associates мамандары
әлеуметтік оқыту технологиясының жеті бөлшегін атады: әңгіме (conversation), байланыс (connection), бірлескен жұмыс (collaboration), контент (content), [контентті] пайдалану ыңғайлылығы (consumption), бақылау (control) және тұтынушылар контентін құру мүмкіндігі (contribution).

Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі– (грек. Μαιευτική, сөзбе-сөз аудармасы - босанатын әйелге көмек көрсету)сұрақтарды шеберлікпен қою арқылы адам бойындағы жасырын білімді жарыққа шығару әдісі. Педагогикада Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі
бағыттаушы сұрақтар мен пікірталастар орталық орын алатын оқыту түрі
деп түсіндіріледі. Сократ, мұғалім ретінде, ең алдымен оқушылардың
ақиқат туралы түсінігін бұзып, кейін олар өз ұстанымдарын қорғай
отырып, оны қайтадан қалыптастыратындай етіп бір сұрақтан кейін
бір сұрақты қоя берген. Әңгіме жүргізудің сократтық әдісінің мәні –
әңгімелесушінің «барлық нәрсе жайлы білемін» деген орныққан пікіріне
қарамастан, шындығына келгенде, көп нәрсені білмейтіндігіне көзін
жеткізу. «Ізденіссіз өмір сүрудің қажеті жоқ. Мен ешкімге еш нәрсе үйрете
алмаймын, мен оларды тек ойлануға ғана мәжбүрлей аламын» – Әңгіме
жүргізудің сократтық әдісін түсіну үшін осы ойды желеу ету қажет болады.

Бірлескен оқу - бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар
арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту
үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті
мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді
іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс
тиімді болу үшін бірлескен оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік
топ мүшелері арасында бөлінеді. Бірлескен оқудың алғышарты топ
мүшелерінің ұжымдасып әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне
негізделген.

Дарындылық – қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық
– өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты
дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов).Жалпы
дарындылық: салыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық
бөлшектердің (жады, зият) дамуы.

Арнайы дарындылық ерекше қызмет
түріне жатады. Бұл бөлініс шартты, жалпы, арнайы қабілеттер өзара
бірлікте «өмір сүреді». Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері
сандық емес, сапалық тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет