5-сурет. Дағдыларды дамыту үдерісі
Әлеуметтік өзара әрекет ету дегеніміз не?
Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді.
Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.
Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не?
Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:
• кезекпен сөйлеу
• белсенді тыңдау
• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау
• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау
• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу
• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау
• көмектесу және көмек сұрау
• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну
• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау
• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу
• талқылаудың қорытындысын шығару
• дәйекті айғақтар келтіру.
Проблемаларды шешу стратегиялары
Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға:
уақытты ұтымды жоспарлауға;
инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;
топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;
топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;
тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Дәріс 4.Тақырыбы: Оқыту мен оқудағы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану
4.1. ЮНЕСКО әзірленген АКТ құзіреттілігі стандарттары.
4.2.Мұғалімнің кәсіби дамуы және білім беру реформасы.АКТ ны қолдану жолдары.
4.3. Аудио және подкастинг.
4.4. Білімнің технологиялық аспектілері.
Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар.Осы артықшылықтарды мектепте сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
1.Керекті ақпаратты дәл мезетінде алуға мүмкіншілік бар.
2.Оқытудың тиімділігі жоғарылайды, оқу материалын оқушы өздігінен
іздеп табуына мүмкіндік бар.
3.Оқушылардың білуге құштарлығын арттырады, табиғи сұранысын
қанағаттандырады.
4.Оқытудың көркемдігі артады, яғни берілетін материалдарды жинақы
түрде беруге болады.
5.Уақыт үнемделеді, үнемделген уақыт қосымша тапсырмаларды
орындауға жағдай жасайды.
6.Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернет кеңістігі; Электронды оқулық. Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру; Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз. Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. «АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Сұрақнама:
АКТ ны қолданудың тиімділігі неде?
АКТ ны қолданудың кемшіліктері?
АКТ - ның негізгі мақсаты?
1.Өстеміров К, Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006
2.Педагогика. оқулық Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.- Алматы, 2004
3. Рыжов В.Н Дидактика. Москва, 2004
Дәріс 5-6.Тақырыбы: Сыныптағы диалогтың мәні.
5.1. Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту.
5.2. Сұрақ қою. Сұрақтың түрлері.
5.3. Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мер- сер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арт- тырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ор- тамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі
құралы деп есептейді.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдай- ды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныпта- стары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, тал- дау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкин- сон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
• оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;
• оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында бола- ды. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтады-ау деп оқушылардан күтуге болмас. Зерт- теу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақ қойып, оқушылардың жа- уаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.
Оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі бо- лып табылады және әңгіменің үш түрі бар (3-кесте).
• Әңгіме-дебат;
• Кумулятивтік әңгіме;
• Зерттеушілік әңгіме.
Әңгіме-дебат барысында:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай»,
«Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге аса- ды;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ой- ланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжам- дар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тара- пынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.
Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;
3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Дәріс 7-8.Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
6.1. Сын тұрғысынан ойлау туралы жалпы түсінік.
6.2.Сын тұрғысынан ойлау дағды және психикалық үдеріс ретінде
6.3.Сын тұрғысынан ойлау және тәжірибе жүзіндегі педагогика.
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады. Сын тұрғысынан ой- лау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойла- уды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Бұл модуль шеңберінде біз сонымен қатар 1-модульде келтірілген әлеуметтік-сындарлы тәсілдерді, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалауды («Оқу үшін бағалау» модулі) және түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды («Талантты және дарынды бала- ларды оқыту» және «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модульдері) қарастырамыз.
Сын тұрғысынан ойлау туралы жалпы түсінік
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып та- былады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:
• тиісті ақпарат жинауды;
• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды.
Сыныптағы балалар мен жасөспірімдердің сын тұрғысынан ойлауы.
Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алай- да сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жа- сау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәселен, тарих не- месе географияны оқытуда оқушыларды:
• суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруға;
• негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақ қоюға;
• қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді салы- стыру және талқылауға;
• анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға тартуға болады.
Жұмысты талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен пікірталасқа қатыса отырып, өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы өзінің оқу үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатану үдерістерін барынша түсінуге көмек көрсеткен дұрыс.
Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сынып- та жұмыс істеу кезінде қолданатын дағдылары берілген:
1. Көру арқылы немесе ауызша дәлелдерден алынған ақпаратпен танысыңыздар. Бұл тапсырма негізгі дереккөздерден оқу арқылы алынған ақпаратқа да, шолулар мен сауална- мадан жинақталған деректерге де, оқулық, энциклопедия немесе web-сайт сияқты қосалқы дереккөздерден жиналған ақпаратқа да қолданылуы мүмкін.
2. Дәлелдерді зерттеу құрылымын немесе дәлелге негіз етіп алынған, кешірек жасалған іс- әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе гипотезаларды түсініңіз.
3. Бұл негізгі құрамдас бөлшектердің, көру арқылы және ауызша алынған дәлелдердің қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын талдаңыз.
4. Жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз және зерттеңіз.
5. Дәлелдер мен бірқатар тұжырым құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіре отырып, жинақтаңыз. Сіздің ойыңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі ақпарат көздері ара- сында байланыс орнатыңыз.
6. Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын түсіндіру нәтижесінде алынған біліміңізді қолданыңыз.
7. Жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдеңіз.
диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог – мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп, зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті. Александердің (2001, 2008) диалогтік оқыту теориясына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік бере оты- рып, формалды түрде оқуды азайтады. Олар кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді, сондықтан мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарауы керек.
Балаларды диалог пен дәйектеуге, пікірталасқа тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеу- лер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүруге қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008).
Дәріс 9.Тақырыбы:Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
9.1.Бағалаудың мәні мен мақсаты. түрлері.
9.2. Оқыту үшін бағалаудың маңызы.
9.3.Оқу үшін бағалау. Оқуды бағалау.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның ар- тында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдар- дан бастап белгіленген, бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде нақты баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау мен нақты мақсаты бағалауды оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде қолдану болып табыла- тын оқу үшін бағалау арасында анығырақ айырмашылық жүргізілген.
Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау (ОүБ) деп аталады. Мұғалімдерді және әдістеме жасаушылар- ды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалауды Реформалау Тобы (Assessment Reform Group) 1999 жылы «Оқу үшін бағалау» (ОүБ) деген кітапша жариялады. Соның нәтижесінде Оқу үшін бағалау ұғымы дербес тұжырымдама ретінде кеңінен тарала бастады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін (яғни, анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, яғни бұл ақпараттың мазмұны мен оның қандай жағдайларда жиналғанын қатаң қадағалау қажет.
Оқу үшін бағалаудың маңызы
Кез келген мұғалім «Оқу үшін бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблемала- рын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады.
Бағалаудың мәні
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сы- ныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
• қадағалау;
• алынған мәліметтердің интерпретациясы;
• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
Оқу үшін бағалау
Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және критерийлер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқу үдерісінің қандай кезеңінде екені, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.
Бағалауды Реформалау Тобы (2002а) оқу үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына екпін жасауы болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек.
Оқуды бағалау
Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар тестілеу оқу үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Олар әдетте критерийлер мен стандарттардың символдық белгілері түрінде келеді.
Дәріс 10.Тақырыбы:Критериалды бағалау технологиясы.
10.1.Критериалды бағалаудың әдістемелік негіздері.
10.2. Критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар.
Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату.
Мектеп оқушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру
Критериалды бағалаудың міндеттері: Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .
Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;
Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;
Білім берудің сапасы артады.
Критериалды бағалау: Мұғалімдерге: Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға: Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата- аналарға: Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);
Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
оқушылардың білім сапасын арттырады;
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.
Критериалды бағалаудың қағидаттары
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес
жүзеге асырылады:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас
бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен,
күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
• Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді
ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу
мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі
болады.
• Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды
ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың
қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер
кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс
болып табылады.
• Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың,
мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды
және ынталандырады.
Критериалды бағалаудың құрылымы. Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: • білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру; • тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, олай емес, дұрыс емес деген сөздерді қолданбау; • білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру; • кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, орынсыз жауап, осыны ойлауға қалай ақылың жетті деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады
Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген: • жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша; • әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша; • тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады
Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, синтез және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау
Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.
Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті
Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.
Мұғалім модерацияға дейін:
• білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды. Балдар қарындашпен қойылады;
• жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды) іріктеп алады;
• жеке мәліметтерді шифрлейді, білім алушылардың жұмыстарының көшірмелерін дайындайды.
Модерация кезінде:
• жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
• қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;
• отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерациядан кейін:
• модерацияны ескере отырып, білім алушылардың жұмыстарын қайта қарайды, жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдарды өзгертуі де мүмкін;
• соңғы нақты балдар қаламмен қойылады;
• соңғы нақты балдарды электрондық журналға қояды. Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.
Заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік мені қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу болып табылады.
Дәріс 11.Тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқыту.
11.1. Талантты балалар.
11.2. Дарынды балалар.
11.3. Талантты және дарынды балалармен жұмыс жүйесі.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл - ой- лауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре оты- рып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік саясатты» және орта буын деңгейінде
«кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi өздерін «дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс (Eyre and Lowe, 2002).
Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды?
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.
Британдық оқыту және оқу академиясы талантты және дарынды балаларды дамыту тәжірибесінен алынған жағымды мысалдарды көрсететін көптеген кейс-стади әзірледі. Олар балалардың осы санатымен жұмыстың тиімді әдістерін мойындау жөніндегі дебаттардың маңызды аспектілерін көрсететін мысал ретінде осы тарауды пайдаланатын болады.
Британдық оқыту және оқу академиясының «Талантты және дарынды балаларды анықтау» жөніндегі кейс-стадиі сыныптардың әрқайсысында талантты және дарынды балаларды анықтау жөніндегі әртүрлі әдістерді қолданып, олардың 1-тобының балаларымен (4–7 жас ша- масында) жүргізілген үш жобаны суреттейдi:
1) бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес ба- лалар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы мектепішілік бағдарлама жа- сады. Шектеулі вербалды қарым-қатынасты қолдана отырып, осы тапсырмалар қабілеттің жоғарғы деңгейін көрсетті. Бір тапсырмада қарапайым вербалды қарым-қатынас пен дене қимылын қолдана отырып, олар судың ағысын көрсетті, ал екіншісінде өздеріне және аюға жеткілікті кең үй жасау үшін суретті нұсқауларды пайдаланды; ал үшінші тапсырмада олар әнді тыңдаған соң жауабын жазу үшін әртістік қасиеттерін пайдаланды. Соңында олар жыл- дам сөйлей алмаса да, жоғары деңгейдегі сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатынын және тұрақты қызығушылықтары ұзаққа созылатынын көрсеткен дарынды және талантты балалар екендігі анықталды.
2) екінші жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға дайын екендігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды. Алған деректер бойынша бір үлгермей қалған талантты оқушының табысы мен қызығушылығы төмен болғандығын, бірақ со- нымен қатар оның әртүрлі нақты іс-әрекеттерді орындауға қабілетті және оң көзқараспен қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдер осы ақпаратты оның білімділік мүмкіндігін өзгерту үшін пайдаланды және бұл оның сыныптағы пәндерге қызығушылығын, өз ортасына құштарлығын жоғарылатып, сонымен қатар идеяларының дербестігін арттырды.
3) үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата-аналарды тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің көмегімен балалардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын түсіндірді. Олар ата-аналармен ақыл-ой қабілеттері туралы әңгімелесіп, ата-аналардың қарапайым сауалнама толтыруын өтінді. Ата-аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл сауалнама олардың балаларының мінез- құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және мектепте ойнайтын ойындарды талдауға негіз болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды» етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім қабылдауға көмектеседі.
Мұғалімдер жүзеге асырған бұл жобалар «Дарынды және талантты балаларды бірінші негізгі кезеңде тәрбиелеу» деген жұмыста жарияланды (Koshy et al, 2006).
Баланың алға басуын академиялық үлгерімнің қорытындысы бойынша, сондай-ақ олардың дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша ресми түрде белгілеуге болады. Бірақ зияткерлік тұрғыдан дарынды балалардың кейде өздерін көрсете алмайтынына немесе өздерінің ойла- рын жинақтау үшін әдеттегі уақыттан көбірек уақыт қажет ететіне мысалдар да бар. Кейбір балалардың әдеттегі білім алу ортасында көрсете алмайтын ерекше әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері болады. Дарынның санқырлы болатынын мұғалімдердің есіне түсіру үшін «өте әсершіл, өз пікірін білдіреді» немесе «өзіндік әзілі бар» екенін көрсететін мінез-құлықтар сипатын айқындайтын сауалнама құрастырылды.
Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты бала- ларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төменде көрсетілген (Montgomery, 1996; Freeman, 1991):
• есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
• өз білімін жетілдіру: олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.
• ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;
• мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
• икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
• күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;
• шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;
• ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Freeman, 1998).
Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді және олар жоғарыда айтылған зерттеулердің мысалдарымен тығыз байланысты.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан. Выготский бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады.
Тапсырмаларды күрделендіру.
Талантты және дарынды балаларға бағытталған өзгеріс енгізу стратегиясының бірі оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жерлерде өтетін оқудың күрделендірілген бағдарламасын ұсыну болып табылады.
Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін. IGGY жобасы соған үлгі бола алады, бұл орта мектеп оқушыларына арналған кеңейтілген оқу бағдарламалары желісін ұсынатын жоба. Балаларға сайтқа кіру ұсынылады, бұл сайтта мұғалімдер тапсырмаларды күрделендіруге және міндеттерді қоюға көмектеседі.
Экстернат
Оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам, тез игеруінің тағы бір түрін «экстернат» деп атайды. «8–9 жас аралығындағы талантты да дарынды оқушыларға арналған жеделде- те оқыту жоспары» атты арнайы зерттеудің нәтижесінде ағылшын тілі мен математикадан бір жыл бұрын емтихан тапсыру мектепте талантты да дарынды оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және дамытуда тиімді әдіс болғандығын дәлелдеді. Бағдарламаны бағалау кезінде оқушылар мен мұғалімдердің пікірлері ескерілді. Әдетте, оқушылар тапсырмалардың күрделенуін, табанды және жылдам жұмыс істеуді қаласа, ал ағылшын тілі мұғалімдері оқушылардың кейбір мәтіндермен жұмыс істеуге қабілеттері сай келетініне күмән тудырды.
Дәріс 12.Тақырыбы: Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
12.1.Танымдық даму және жас ерекшеліктері.
12.2.Оқытудағы тәсілдер (бихевиористік, гуманистік,танымдық,әлеуметтік жағдаяттық тәсілдер).
12.3.Ойлау, сөйлеу, жады, метасана.
12.4.Моральдік пайымдау, зерде, шығармашылық т.б.
Танымдық даму және жас ерекшеліктері
Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады.
Оқу
Жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теориялары төменде сипатталған.
Оқудағы бихевиористикалық тәсіл
Психологиядағы бихевиористикалық бағыт ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады.
Бихевиоризмнің негізін салушы болып саналатын Джон. Б. Уотсон психология саласы зерттейтін ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, тиісті түрде зерттеу мүмкін емес деп есептеген. Оның орнына ол зертханалық эксперименттерге сүйенген. Нәтижесінде «түрткі – реакция» моделі әзірленді, онда орта оған орай тұлға әрекет ететін түрткілерді өндіруші ретінде қарастырылады.
Оқудағы танымдық тәсіл
Бихевиористер ортаны зерттеген болса, Гештальт теориясының ізбасарлары тұлғаның ақыл-ой үдерістеріне сүйенген. Осылайша, білім алу әрекеті немесе үдерісі ретінде сана олар- ды едәуір қызықтарған.
Жан Пиаже, Мария Монтессори және Лев Выготский сияқты теоретиктер оқу және даму мазмұнының ұқсастығын анықтай отырып, танымдық тәсілді дамытуда одан әрі ілгерілеген. Ғалымдар кіші жастағы балалар дәл өзін қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттесу кезінде оқу және даму жүзеге асады деп сендірген. Зерттеуші Жан Пиаже ортаның әсерін мой- ындап, ішкі танымдық құрылымдағы өзгерістерді зерттеді. Ол психикалық дамудың төрт са- тысын (сенсорлы-моторлық, оперативтінің алдындағы, оперативті және оперативтіден кейінгі) айқындады. Джером Брунер жаңалық ашу арқылы оқудың маңызын атап көрсетіп, ақыл-ой үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген. Бұл теория оқу үдерісіне балалардың белсенді қатысуын атап өтеді, тіпті бастауыш мектеп жасындағы балалар оқу және даму үшін қажетті қызмет түрлерінің басым бөлігіне бастамашылық етеді деп сендіреді. Бұл теорияны басшылыққа алатын мектептер кіші буынды оқыту ортасына және оқу мазмұнына ерекше назар аударады. Педагогтер мен ересектер балалармен тікелей қарым-қатынас жасай- ды, олар орындайтын қызмет түрлері оқу мазмұнындағы балалар тәжірибесін пайдалануда аса маңызды болады. Оқудағы гуманистік тәсіл
Бұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тәсілдің негізін қалаушылар – Маслоу мен Роджерс.
1970 және 1980 жылдары жазылған ересектерге білім беру жөніндегі көптеген теориялық еңбектер гуманистік психологияға негізделген. Бұл тәсілде адамның өсудегі әлеуетіне ерекше назар аударылады. Өзіне деген қарым-қатынас – «гуманистік психологияның негізгі белгісі» (Tennant, 1977). Бұл әдіс адамдарға оқу объектілері ретінде қарауға қарсы шығып, сол арқылы бостандық, таңдау, уәж және сезімдерді қамтитын эмоционалдық және субъективті әлем бар екенін растады. Бұл ретте ең белгілі мысал – Абрахам Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы болуы мүмкін. Оның ең төменгі деңгейінде физиологиялық қажеттіліктер, ең жоғарысында өзін іс жүзінде таныту орналасқан. Зерттеушінің тұжырымына сәйкес, жоғарырақ деңгейге өту тек төмен орналасқан қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады.
Оқудағы гуманистік тәсілді анағұрлым толығырақ зерттеген Карл Роджерс сияқты. Оның зерттеуі логикалық және интуитивті, зият пен сезім үйлесім тапқан, барлық тәжірибесімен, білімімен қоса алғанда жеке тұлғаны толық қамтиды. «Осындай тәсілмен оқығанда, біз бүтінбіз, біз еркекке және әйелге тән қабілеттерімізді толық жүзеге асырамыз» (Rogers, 1983).
Оқудағы әлеуметтік–жағдаяттық тәсіл
Оқушылар әлемді түсіну үшін құрылымдар мен модельдерді игеріп қана қоймай, өз құрылымы бар ортаға қатысады. Оқу сан алуан тәжірибелік қоғамдастықтарға қатысуды көздейді. Психологияда адамдар бақылау арқылы қалай оқитынын бірінші зерттеген бихевио- ристер болды. Кейінірек зерттеуші Альберт Бандура өзара әрекеттестікті және танымдық үдерісті зерттеді. Субъектілерге басқалардың мінез-құлқының салдарын көруге, әртүрлі мінез- құлықтың салдары туралы белгілі түсінік алуға мүмкіндік беретін тәсілдің бірі – бақылау. Егер адамдар не істеу керек екендігін білу үшін тек өзінің іс-қимылдарының әсеріне ғана сүйенсе, оқу ерекше жалықтыратын, тіпті қауіпті болар еді. Көбінесе адамның мінез-құлқы бақылау, модельдер құру арқылы зерделенеді: басқаларды бақылай отырып, жаңа мінез-құлық қалай қалыптасатынын түсінуге болады және кейін бұл кодталған ақпарат іс-әрекет жасауға басшылық етеді (Bandura, 1977). Мінез-құлыққа назар аудару, оны ықтимал модель немесе парадигма ретінде есте сақтап, түрлі жағдайларда оның қалай көрініс беруі мүмкін екенін болжау (репетиция) – бақылауға негізделген оқудың негізгі аспектілері.
Дәріс 13.Тақырыбы: Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
13.1.Терең кәсіби біліктілік.
13.2.Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жолдары.
13.3.Тәжірибенің өзгеруі білімдердің жинақталуы.
Аталған тақырып мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар, оны олардың кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда ғана көруге болады деген сенімге негізделеді.
Бұл көзқарасты HertsCam Network (ХертсКэм Нетворк) желісі және «Мұғалім көшбасшылығы» халықаралық жобасы қолдап отыр. Ол педагогикалық жүйе сәтті болу үшін, оқыту барлық деңгейде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, студенттерді, мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді түгел қамту керек деген көзқарасқа негізделген (MacBeath et al., 2006).
Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі (Hoyle, 1974). Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден бо- сауымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе оты- рып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Оқу сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті бо- лып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік туды- руы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымы жоқ жақсы мұғалімдер кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер ете алады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖдЖ)
Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:
• іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
• өзгеріс енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға жауапты деп анықталуы мүмкін. Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы «мұғалім
– зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп ата- латын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есептерді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс- тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау тәсілі емес, диалог құру мақсатындағы ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында біртіндеп жүзеге асырылатын реф- лексия, жоспарлау, кеңес беру тәсілдері арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгеріс енгізуге қатысты әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс тәжірибелі мұғалімдер тара- пынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Бізге олардың мектеп құрылымы мен дамыту басымдықтары туралы пікірі қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте құнды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.
1- кезең. Құндылықтарды анықтау.
2- кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3- кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер. 4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6- кезең. Зерттеуге негiзделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық.
7-кезең. Кәсiби бiлiмнiң дамуына ықпал ететін қоғамдастықтағы жұмыс.
Дамытудағы көшбасшылық мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектеп- тен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.
Тәжірибенің өзгеруі және білімнің жинақталуы
Мұғалiм жүргізетін дамыту жұмысының әсері жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына жаңа әдіс-тәсілдерді сынап көру, эвалюация, рефлексия және тексеру жатады. Олардың барлығының өзгертушілік әсерi болады. Нәтижелері әрдайым тәжірибелік бағытта болады, оқытудың үздік тәсілі және оқудың үздік тәсілі бола отырып, оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіреді немесе оны өзгертеді. Сонымен қатар ол кәсіби білімнің молаюына ықпал ете алады. Осылайша олар осы Мұғалімге арналған нұсқаулықта айтылатын оқытудың көп деңгейлі моделінен көрінетін ішкі, сондай-ақ сыртқы өсудің айғақтары болып табылады.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып, мектептен өзінің лайықты орнын алуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мек- теп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.
Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарату емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табыла- ды. Дәл осы жерде қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Осы бағытта қоғамдастық арқылы біз идеяларымызбен бөлісіп, оны ары қарай дамыта аламыз. Сонымен бірге біз жаңа идея- ларды тауып, олармен жұмыс істей аламыз. Бұл білімді және сыни тұрғыдағы жұмысты жинақтау үдерісі әрдайым үздіксіз жүріп жатады.
Дәріс 14.Тақырыбы:Lesson Study әдісінің тиімділігі.
14.1.Lesson Study тәсілін қолдану.
14.2.Lesson Study-ді жоспарлау.
14.3. Lesson Study –ді өткізу және талдау.
14.4.Lesson Study тәсілін қолдануда 7 қағидат.
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Батыста Lesson Study америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999). Қазір уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.
Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:
•Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз).
• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.
• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.
• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.
• Lesson Study-ді талқылайды.
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.Lesson Study: Нұсқаулық Pete Dudley
• Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.
Осы аталған әрбір кезең бойынша толық ұсыныстар кітапшаның тиісті тарауларында көрсетілген, олар авторлардың Англия мен шетелдердегі мектептер мен колледждерде Lesson Study тәсілінің қолданылуы жөніндегі білімдеріне негізделген. Соңғы екі тарауда мектеп басшыларының бұл бағытта не істей алатындығы туралы идеялар қарастырылған:
a. Lesson Study өткізу уақытын жоспарлау және осы тәсілді мектеп бағдарламасына енгізу;
ә. Lesson Study негізінде кәсіптік оқытуды дамыту мен қолдау, сонымен қатар мектеп аясында коучинг өткізуге арналған тұғыр ретінде Lesson Study моделін қолдану үшін жетекші мұғалімдерді пайдалану.
Алғыс білдіру Осы кітапшада автор Ұлттық стратегиялар (2008), Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (2003,2005), Оқыту мен оқу саласындағы зерттеу бағдарламасы (TLRP) мен CfBT үшін жазған Crown Copyright материалы пайдаланылған. Жоғарыда аталған және осы басылымдарға негіз болған зерттеулерді автор 2003 жылдан 2011 жылдар аралығында Кембридж университетінде Экономикалық және әлеуметтік зерттеулер кеңесі Оқыту мен оқу саласындағы зерттеу бағдарламасы аясында бөлген грант қаражатына жүргізген.
Пит Дадли Кембридж, 2011Lesson Study: Нұсқаулық Pete Dudley 4 1. Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет? Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:
• әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;
• мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;
• оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;
• Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Dudley, P. 2011a);
• Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі. Dudley, P. (2011) Lesson Study: what it is, how and why it works and who is using it [Lesson Study: ол не, ол қалай және неліктен жұмыс істейді, оны кім қолданады], www.teachingexpertise.com
Табысты мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде тіпті көпшілігіне мән бермейді. Бұл – кемшілік емес! Бұл – оларға табысты болуға көмектескен үдерістердің нәтижесі. Сынып дегеніміз – кәсіпқойларға қызмет етуге тура келетін барынша күрделі жұмыс жағдайлары: шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта жұмыс істеп отырған 30 және одан да көп оқушы үлкен көлемді ақпарат өндіреді. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады (Lewis, 1999). Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын қалай игеретінін бақылаған. Рэгг және басқалар (1996) анықтағандай, мұғалімдер бірінші үш жылда барлық қиындықтан өтіп, жақсы педагог болып қалыптасады, себебі өздері үшін проблема болып табылатын оқу жағдайын басқарудың жаңа тәсілін тапқанда олар бұл тәсілді осыған ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі бір оңтайлы нысанға айналдырып алады да, реті келген кезде қолданып отырады.
Осындай жағдайларда тәжірибелік білім мұғалімнің саналы түрде істеп тұрғанын растай алмайды, бұл болжамды (немесе жасырын) білім болып табылады, яғни біздің велосипед тебу туралы біліміміз сияқты: ондай білімнің бар екені қажет болғанда ғана білінеді, бірақ оны сөзбен жеткізу өте қиын.
Мәселен, тәжірибелік білімдері егжей-тегжейіне дейін жазылып, басқаларға беріліп, кейіннен қайта орындалатын хирургтардан айырмашылығы, мұғалімнің тәжірибелік білімі өзінде қалады, себебі ол тәжірибе кезінде қалыптасады, оның үстіне иесі әдетте оның бар екенін біле де бермейді. Мұғалімдер өз сыныбында автономды түрде «жеке маман» ретінде жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде әріптесінің «болжамды» білімін тәжірибеде көруге мүмкіндік бола бермейді. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның жұмысының нәтижелілігі бағаланатын болғандықтан, ол сол баға пен пікірдің үдесінен шығуға тырысып, өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылмайды, яғни тәуекелге бармауды жөн көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді. Санасыз субъктілерге қарағанда адамдар көп көлемді ақпаратты «сүзгіден» өткізу арқылы игереді. Мысалы, нақты «еститін» дыбыстардың ішінен біз олардың аздаған бөлігіне ғана мән береміз, өзімізді сырттан келетін ақпараттан қорғаштап, тек маңыздысына немесе оқыстарына ғана көңіл аударып үйренгенбіз. Мұндай сүзгілеу тетіктері бізге өз мақсатымызға жету үшін қолдануды маңызды деп санайтын мәселелерге ғана көңіл аударуға Lesson Study: Нұсқаулық Pete Dudley 5 мүмкіндік береді. Сыныпта да дәл солай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған ақпаратты лезде меңгеріп, бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі жылдам сабақ жағдайында біз басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді. Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Lesson-study
Lesson-study жекелеген мұғалімдердің оқыту үдерісін жақсартуға да, сонымен қатар бір топ мұғалімнің педагогикалық әлеуетін дамытуға, ақыр соңында – оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға арналған. Lesson-study туралы толық ақпаратты Мұғалімге арналған нұсқаулықтың (бұдан әрі – Нұсқаулық) алдыңғы тарауынан табуға болады. Lesson-study-дің кең тараған түрі төрт кезеңнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |