Өзара білім алуға көмектесетін диалогтік оқыту– мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі; оқушыларды проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі болу; олардың білім алуларын күшейту мақсатында оқу материалын дайындау және хабарлаушы әңгіме өткізудің оқу қағидаттарына
негізделген реттеуші ережелері жүйесі.
Рефлексия – (лат. reflxio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап
айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің
өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1.
Сананың және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу
мақсатында білімді талдау. 3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау.
Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады.
Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып,
меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |