Білім беру бағдарламасы 2020-2021 оқу жылы Күзгі семестр «Психология»


-Модуль. Тұлға аралық қарым-қатынас психологиясы



бет11/24
Дата17.12.2021
өлшемі65,77 Kb.
#102260
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
крат курс лекции Психология 1 курс ффип 2020-2021 (5)

10-Модуль. Тұлға аралық қарым-қатынас психологиясы

10-дәріс. Тұлға аралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде
Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес тобында көп нәрсені жасөспірімнің өмір сүретін ортасы, оның ішкі ұстанымы анықтайды. Жасөспірімдік кезеңнің ең күрделісі – жалғыздық сезімі, өз құрбыларына қажет еместігі. Осылайша, жасөспірімдік кезеңде жасөспірімдердің қарым-қатынасы бірінші орынға қойылады, ол тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынасқа түсе алмау жасөспірімге өзін жек көруге дейін апарады. Мұндай жасөспірімдердің оқу үлгерімі төмен, үлкендермен, тіпті өз құрбыларымен конфликтке көп түседі. Құрбы-құрдастары да жасөспірім үшін ең маңызды фигура болып табылады.

Адамның психикалық дамуында қарым-қатынастың рөлі аса үлкен мәнге ие, өйткені белсенді қарым-қатынасты ең алдымен жанұя мүшелерімен, кейін құрбыларымен орната отырып, жасөспірім дамыған тұлға болып қалыптасады.

Тұлғаның қалыптасуының ең басты факторыларына қарым-қатынас жатады. Тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың ең басты рөлді алатындығы туралы идеялар Отандық психологтардың: В.Г. Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С .Выготский, А.Н. Леонтьев, Г.Ф. Ломов, А.Р. Лурин, В.Н.Мясищев, А.В. Петровский және т.б. еңбектерінде әрі қарай дамыды .

Қарым-қатынас мәселесі әр жасөспірімнің өміріндегі ең маңыздылардың қатарына жатқызылады. Тұлғаның болашақта толықтай қалыптасуы қарым-қатынасқа байланысты. Сол себептен қарым-қатынас мәселесін игеру қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналуда.

Адам – бұл әлеумет. Осыған орай қарым-қатынас әлеуметтік бағытта жүреді, сондықтан қоғамдағы жағдай қазіргі заманғы жасөспірімдердің қызығушылықтарының мотивациялық құрылымдарының өзгерістеріне тәуелді, осыған орай қазіргі жасөспірімдердің қарым-қатынас ерекшеліктерін игеру өте өзекті мәселе болып отыр.

Менің көзқарасым бойынша, жасөспірімдік кезеңде ұйымдастыру, коммуникация секілді қасиеттердің дамуы өте маңызды рөл атқарады. Жеткіншек кезеңде жасөспірімдер арасында қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің жоғары екендігі байқалады. Сондықтан келешекте тұлғаның жан-жақты дамуы үшін, ең алдымен оны қарым-қатынасқа ерте кезден дағдыландыру керек.

Т.В. Драгуновтың көзқарасы бойынша, іс-әрекеттің негізгі түрі – бұл қарым-қатынас болып табылады. Қарым-қатынас жасөспірімнің мінез-құлқының, жүріс-тұрысының, іс-қимылының барлық жақтарын анықтайды. Қарым-қатынас процесі кезінде жасөспірімдерде әр түрлі қиындықтар пайда болады. Қарым-қатынастағы мұндай қиындықтар психологиядағы ең күрделі мәселелердің қатарына жатқызылады.

Қазіргі таңда жеткіншектер арасындағы қарым-қатынас мәселесі көп атақты Отандық және шетелдік авторлармен зерттелуде. А.Н. Леонтьев қарым-қатынас кез-келген іс-әрекетте байқалады деп есептейді. В.М. Соковин (1974 жылы) тұлға қарым-қатынасын коммуникация, іс-әрекет, қарым-қатынас ретінде қорытындылайды.

Қарым-қатынас жасаудың эмоционалды функциясының рөлі екі аспектіде қарастырылады:

1) Адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау тәжірибесін игеру;

2) Жасөспірімдердің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауы – ақпарат алудың ең басты спецификалық каналы (жынысқа қатысты ақпаратты жасөспірім көбіне құрбыларынан жинақтайды, ал оның болмауы жасөспірімнің психосексуалды дамуын кешіктіруі мүмкін немесе оған дені сау емес мінез-құлық берілуі мүмкін). Бұл тұлғааралық қарым-қатынастың спецификалық түрі, жасөспірімдік кезеңнің басында болатын қозғалыстар жасөспірімдегі жаңа қажеттіліктердің, ұмтылыстардың, ересектерге деген талаптарының ұқсастығын анықтайды.

И.А. Зимняяның айтуы бойынша, қарым-қатынас хх-ғасырдағы ең жас мәселелердің бірі, егер Ежелгі Греция мен Римде шешендік өнер риторика, эвристика және диалектика жағынан зерттелген болса, онда қарым-қатынас мәселесі барлық ғылымдар: философия, әлеуметтану, социолингвистика, псохолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология жағынан зерттеледі.

Тұлғаның дамуының әр түрді кезеңінде қарым-қатынастың өзіне тән ерекшеліктері болады: нәрестелік жаста – бұл эмоционалды қарым-қатынас; мектеп жасында – ойын әрекет, ол арқылы бала адамдар арасындағы қарым-қатынасты және олардың өзара байланысын игереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет