8-Модуль. Психологиялық денсаулык тұлғаның табысты әлеуметтенуінің шарты ретінде 8-дәріс. Психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық мәселелері
«Денсаулық» туралы көптеген анықтамалар бар:
-физикалық, ақыл-ой мен әлеуметтік игіліктің жай-күйі ретінде;
-аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, әрі басқа себептерден;
-физикалық және психологиялық;
-адамның биологиялық және әлеуметтік қызметін әртүрлі дәрежеде орындауға мүмкіндік береді.
Денсаулықты түсіну әртүрлі, бірақ әрбір анықтамада адамның психологиялық денсаулығын түсінудегі маңызды байланыс ретінде айтылады.
«Психологиялық денсаулық» терминін И.В. Дубровина енгізді, ол психологиялық денсаулықты психикалық денсаулықтың психологиялық аспектісі ретінде, яғни тұлғаның рухани дамуымен байланысты түсіндіреді.
Психологиялық денсаулықтың құрылымы: аксиологиялық; инструменталдық; қажеттілік-мотивациялық.
Аксиологиялық – адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де қабылдай алуы).
Инструменталдық – рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан дүниесін және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі (өзінің және өзгелердің эмоциялық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы).
Ересектер жасөспірімнің есейгенін көре, көбіне бұл процесте оның жағымсыз жақтарын ғана көреді. Осылайша, жасөспірімдік кезеңнің ең басты тенденциясы – ата-анамен, мұғаліммен, жалпы ересектермен қарым-қатынас жасауы. Қарым-қатынас жасаудың эмоционалды функциясының рөлі екі аспектіде қарастырылады:
1) Адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау тәжірибесін игеру;
2) Тұлғаның әлеуметтік ортамен қабылдануы.
Психикалық денсаулық мәселесіне көптеген ғалым-философтар (В.Е. Давидович, В.М. Розин, И.Н. Смирнов, К.С. Хруцкий, А.Е.Чекалов және т.б.), валеологтар (Р.И. Айзман, Г.Л. Апанасенко, И.Н. Гурвич В.П. Казначаев, В.П. Куликов, А.Г. Кураев, В.А. Лищук, Т.Н. Маляренко, Л.А. Попова), психологтар (А.А. Ананьев, Б.С. Братусь, О.С. Васильева, А.В. Воронина, И.В. Дубровина, И.В. Ежов, Р.Е. Калитеевская, Л.В. Куликов, А. Маслоу, Ю.И. Мельник, Г.С. Никифоров, К. Роджерс, В. Франкл) зерттеулерінде қарастырылған.
Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда көптеген зерттеушілер денсаулықтың психологиялық аспектілерін осыған ұқсас терминдерді қолдана отырып қарастырған: “психикалық денсаулық” (Б.С. Братусь), “психологиялық денсаулық” (И.В. Дубровина), “тұлғалық денсаулық” (Л.М. Митина), “рухани денсаулық” (Ю.А. Кореляков), “жанның саулығы” (О.И. Даниленко).
Достарыңызбен бөлісу: |